kz Блог

«GALANZ bottlers» таңқурай дәмімен жаңа «Мaxi чай» ұсынады

Жаңалықтар
«Maxi Чай» тіл үйірер 8 түрлі дәмнен тұрады: лимон қосылған көк шай, грейпфрут шайы, құлпынай дәмімен қара шай, лимон қара шайы, шабдалы қара шайы, орман жидектері шайы, лайм мен жалбыз қара шайы, мароккалық шай. Компания биыл «Maxi Чай» брендінің 18 жылдығын атап өтті. Осы атаулы датаға орай таңқурай дәмімен жаңа «Maxi Чай» шықты. Сүйікті сусындарыңызды енді жыл мезгіліне қарамай қыста жылытып, жазда салқындатып ішсеңіздер болады.

ТАҢҚУРАЙДЫҢ ПАЙДАЛЫ ҚАСИЕТТЕРІ:

  • В1, В2, В9, А, С, РР сияқты дәрумендерге бай
  • құрамында темір, мыс, калий, магний, кобальт, кальций, мырыш сияқты минералдар мен микроэлементтер көп
  • тұмау кезінде ауырсынуды басып, әлсіздікті жойып, сүйектің сырқырағанын басып, дене қызуын төмендетуге септігін тигізеді
  • жүрек қантамыр жүйесін нығайтуға және атеросклероздың алдын алуға ықпал етеді
  • инфаркт пен инсульттің алдын алады
  • тәбетті жақсартып, ас қорытуды қалыпқа келтіріп, иммунитетті нығайтады
  • ағзаны шлактар мен токсиндерден тазартады
  • коллагеннің көбеюіне септігін тигізіп, бос радикалдардың ықпалын жояды