Вячеслав КИСЕЛЬ
жоба жетекшісі
Жуырда «Шамалған» аланында жаңа жоба іске қосылмақ. Жекеменшік баспа ашамыз. Қазір құрылыс жұмыстары аяқталып, қажетті заманауи құрал-жабдықтарды орнатудамыз. Біздің мақсат – сусындарымызға этикетканы сырттан емес, өзіміз өндіріп шығару. Бұл жобаға былтырдан бастап кірісіп, қарқынды жұмыстардың нәтижесінде биыл сәтті аяқтаудамыз. Қазіргі уақытта бізде 27 адам жұмыс істейді, бірақ болашақта штатты 150 жұмысшыға дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Территориямыздың жалпы ауданы –10 гектар, ал өндірістік ғимараттың ауданы – 1500 шаршы метр. Сондай – ақ, екі қойма бар: біреуі – шикізат пен материалдарды сақтауға, екіншісі – дайын өнімге арналған. Олардың әрқайсысының ауданы 1920 шаршы метрді құрайды. Кең қылып салған себебіміз болашақта өндірісті ұлғайтатын болсақ, қосымша құрылғы қоюға мүмкіндіктер қарастырылған. Осы жобаның арқасында этикетканы тасымалдау, жеткізу және кедендік рәсімдеуге кететін шығындарды 30%-ға үнемдей аламыз.
Жобаның бірегейлігі – әлемдік нарықта көшбасшы болып отырған жетекші компаниядан өте сапалы құрал-жабдықтарды сатып алуымыз деп ойлаймын. Бұл машиналарды қазіргі таңда бүкіл еуропаның алдыңғы қатардағы компаниялары қолдануда.
Қазіргі уақытта жобаға шет елден екі білікті маман жұмылдырылған: техник және электромонтажник. Олар жұмысын аяқтағаннан кейін, осы құрал -жабдықпен жұмыс істеген тәжірибелі баспагерлер келеді. Олар полиграфиялық білімі бар жас мамандарды оқытатын болады. Осылайша біз өз командамызды қалыптастырамыз.
Гохай Лин
менеджер по проекту
Менің негізгі қызметім осы күнге дейін Қазақстанның нарығында болмаған инновациялық шешімдерді енгізу арқылы компаниямыздың табысын арттырып, өнімнің өзіндік құнын төмендету. «Shemolgan food station» жобасында біз этикетка шығарамыз. Бұл компанияға қосымша пайда әкеліп қана қоймайды, сонымен қатар өндіріс шығындарын оңтайландырады. Ағымдағы жылдың наурыз айында біз Қытайдан әкелінген техникаларды орнатып, қазіргі кезде этикетка өндірісін бастап кеттік. Өндіріс сапалы әрі тиімді болу үшін біз осы құрылғылармен жұмыс істеген тәжірибелі мамандарды шақырдық. Бұл өндірісті жылдам бастауға мүмкіндік берді.
Сапалы құрал-жабдықты іздеп табу оны қауіпсіз жағдайда жеткізу біз үшін айтарлықтай сынақ. Қытайда таспа немесе бояу жеткізетін сенімді серіктес табу өте қиын, өйткені тек бояу шығаратын мыңнан астам зауыт бар. Біздің өндіріс үшін қандай материал сәйкес келетінін айқындап, шешім қабылдау күрделі әрі қажырлы еңбек. Менің тәжірибем нарықты мұқият талдаудан және сенімді логистикалық компанияларды іздеуден басталды. Маған Қытайдағы туыстарым мен достарым көмектесті. Сол жақтағы этикеткалар көрмесіне барып ең үздік 10 компанияның тізімін берді. Сол компанияларға қоңырау шалып, бірнеше сұрақ қойдым: «Сіз ұсынып отырған өнімнің артықшылығы неде? Құрылғының салмағы, жылдамдығы, ені қандай?» Олар маған толық ақпарат берді. Мен жауаптарды мұқият тыңдап, жазып алдым. Оныншы компанияға қоңырау шалған кездемен өзімді осы саладағы білікті сарапшы сияқты сезіндім.
Қытайдан Қазақстанға жарты жылға келуге келісетін мамандарды іздеу де оңай болған жоқ. Бұған айтарлықтай күш-жігер мен уақыт кетті. Дегенмен, кандидаттарды мұқият іріктеу арқылы біздің ұсынысымызды қабылдауға дайын мамандар таптық. Бұл жобамызды жүзеге асырудың маңызды қадамы болды және біз осы жолдағы қиындықтарды жеңе алғанымызды мақтан тұтамыз. Біздің бастық маған жүз пайыз сенеді. Менің бастамаларымды әрқашан қолдайды. Соның арқасында мен сенімді түрде шешім қабылдап, ұжымның жұмысын жан-жақты ұйымдастыра аламын. Мен бұл сенімді бағалаймын және басшылыққа қолдау білдіргендері үшін алғыс айтқым келеді!