kz Блог

20 ЖЫЛ АРМАНДАҒАН ДЕМАЛЫС

Жаңалықтар
«Махi Чай»-мен саяхаттаңыз» акциясының тағы бір ұтыс иегері Базаргүл Жамаловамен таныс болыңыздар. Ол қазіргі сәтте Анеля есімді қызымен түркиялық Кемердің бес жұлдызды қонақ үйінде демалып жатыр. Ақтөбе қаласында бас кітапханашы болып жұмыс істейтін Базаргүл ханымның рахаттанып демалмағанына 20 жылға жуық уақыт болған екен. Ерекше қыз тәрбиелеп отырған ол әр демалысында қызын емдету үшін емханалардың табалдырығын тоздыруға мәжбүр.

«Қызым ерекше болғандықтан, үйден көп шыға бермейді. Бұл оның алғашқы сапары. Эмоцияларымды айтып жеткізу мүмкін емес. Біз үшін бәрі керемет. Осы жолдаманың дәл бізге бұйырғанына алдымен Аллаға, одан кейін осы «Махi Чай» компаниясына алғыс айтамын. Қызым бұрыннан тек қана «Махi Чай» ішеді. Неге екенін білмедім, басқа сусындарға бұрылып та қарамайды».

Базаргүл Жамалова акция жайлы Баян Мақсатқызының инстаграм парақшасынан оқып, қатысып көруге бел буады. Нәтижесі көп күттірмеді. Қоңырау шалып, «Сіз жеңімпаз атандыңыз» деген хабарды естіген кезде қуаныштан еріксіз көзіне жас келеді.

«Чекті тіркедім де, ұмытып кетіппін, Қайрат Әділгерей хабарласқан кезде шок болдым. Басында тіпті сенген жоқпын. Қалжың шығар деп те ойладым. Кейін қыздар ұшаққа билетті жіберген кезде бір-ақ сендім. Осындай акция ұйымдастырып, саяхатқа жолдама сыйлағандарыңызға рақмет».