kz Блог

«DAMU-2» ЖАҢА ЗАУЫТ

Жаңалықтар
Гордеев Сергей Константинович
ТПА цехының бастығы

Өндірістің ұлғаюына байланысты бізге бөтелке дайындайтын ПЭТ преформалар жетіспеді. Сондықтан басшылық қосымша құрал-жабдық сатып алу жайлы шешім қабылдады. Бірақ зауытта оны қоятын орын болмады. Нәтижесінде өндірісті толық қамтамасыз ететін жаңа зауыт салу идеясы туды.

Ескі станоктардың барлығын DAMU-2 алаңына көшіріп, жаңа құрылғылар сатып алдық, нәтижесінде өндірістік базамызды кеңейтіп, қуаттылықты 2 есе арттырдық. Сондай-ақ, қақпақ шығаратын құрылғы сатып алдық, орам шығаратын машинаны іске қосып жатырмыз. Болашақта тағы екі құрылғы орнатуды жоспарлап отырмыз. Асептикалық шай құятын DAMU-3 зауытын іске қосқаннан кейін, ПЭТ преформаның жеңіл түрін өндіруге арналған қосымша станок сатып алуды жоспарлап отырмыз. Біздің өндірістік зауыт әр түрлі салмақтағы ПЭТ преформалардың түрлі ассортиментін қамтамасыз етеді, олар қазіргі ыстықтай құю технологиясына, сондай-ақ болашақта асептикалық желіге де жарайды. «Sevens» суының ерекше қақпақтарын да өзіміз шығаратын боламыз. Зауытта преформалардың өндірісінен басқа өнім мен шикізатқа арналған арнайы қоймалар қарастырылған.

Мұндай түбегейлі шешім бір сәтте қабылданған жоқ. Жылдар бойғы тәжірбиенің нәтижесінде өз-өзімізді толықтай қамтамасыз етіп, сыртқы факторларға тәуелсіз болу керек екеніне көз жеткіздік. Себебі осы уақытқа дейін өзге компаниялар біз артқан сенімнен шықпады. Тіпті 3 ай бұрын тапсырыс берген қақпақтарды жеткізбеген жағдайлар кездесті. Енді біз қалыптасқан жүйені өзгертіп, компанияға қаржылық тұрғыдан тиімді жағын қарастырдық. Біріншіден, басқа компаниялардың кесірінен енді өндіріс тоқтап тұрмайды. Екіншіден, преформаларды сатып алуға кететін ақша енді өз компаниямызды дамытуға жұмсалмақ. Айта кетейін, бұл – айтарлықтай қомақты қаржы. Үшіншіден, біз ауысымдық кесте бойынша жұмыс істейтін 140 адамды жұмыспен қамтамасыз етеміз.

Николай Ким
жоба менеджері

Қазақстанда толығымен өзін-өзі қамтамасыз ететін кәсіпорындар аз. Көбінесе компаниялар қақпақ, преформа, этикетканы сырттан сатып алады. Бірақ біздің стратегиямыз жұмыстың тиімділігін арттыратынына сенімдіміз, бұл бізге өнімнің сапасын бақылауға ғана емес, сондай-ақ компанияның шығынын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді. Мұнда полимерлерге қатысты түрлі преформалар, орамдар, термопластика мен қақпақтар өндіріледі. Зауытты салудағы негізгі мақсат шығындарды оңтайландыру. Мәселен, біз бөтелкенің әрбір бірлігі үшін 15 теңгеге дейін үнемдей отырып, преформалар шығара аламыз. Жыл сайын біз шамамен 300 миллион литр өнім шығарамыз десек, үнемделетін қаржыны есептей беріңіз.

DAMU-2 зауытының бірегейлігі – салқындату жүйесі екінші қабатта орналасқан. Бұл территорияны дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді. Бірінші зауытта салқындату жүйесі ғимараттың едәуір аумағын қамтитын, сондықтан барлық коммуникацияларды екінші қабатқа орналастыру жайлы шешім қабылдадық. Барлық коммуникациялар жасырын түрде екінші қабатта орналасуы аумақты тиімді пайдалануға мүмкіндік беріп қана қоймайды, сондай-ақ, салқындату жүйесінің жақсы жұмыс істеуіне әсер етеді. Екінші қабатты құру үшін болат бағандар мен мықты конструкция қажет болды. Нәтижесінде құрылымның салмағы ұлғайып, жобаға жұмсалған қаражат сомасы көбейді. Алайда, бұл жер сілкінісі кезінде ғимараттың қауіпсіздігіне кепілдік береді, мықты бағандар 9-10 балдық жер сілкінісіне төтеп беруі керек. Ғимарат небәрі 8-9 айда тұрғызылды, бірақ жалпы құрылыстың мерзімі бір жылға созылды.

Қытайдан металл бұйымдарына тапсырыс бере отырып, біз құрылыс стандарттарына байланысты әртүрлі қиындықтарға тап болдық. Қытайдың стандарттары біздің елдікіне сәйкес келмейді, әр мемлекеттің өз талаптары бар. Құрылыс стандарттарының сәйкестігін қамтамасыз етуде айтарлықтай қиындықтар туды. Себебі әр ел өз заңдылықтарын қатаң қадағалауға мәжбүр еді. Сондықтан екі тарапқа да зияны тимейтін шешім іздедік. Осыған байланысты біз қытайлық серіктестермен бірнеше келіссөздер жүргіздік. Олардың стандарттарын зерттей отырып, біздің талаптарға сай жұмыс жасадық. Нәтижесінде құрылымның салмағы әрбір шаршы метрге 80-85 кг болып бекітілді. Екі мемлекеттің талаптарын ескере отырып ғимараттың беріктік дәрежесін қамтамасыз ете алдық деп ойлаймын.

Зауытта Husky компаниясының жоғары технологиялық станоктары орнатылған. Бұл компания әлем бойынша термопластавтоматтар өндірісінде көшбасшы болып отыр. Бұл әлемдік бренд және мұндай машинаның құны 2,1 миллион еуроны құрайды. Бұл машиналар өнімділікті арттырып, сапасы жоғары тауармен қамтамасыз етпек. Мәселен, бір құрылғы тәулігіне 360 000-ға дейін преформа шығара алады, бұл сусындар өндірісінде маңызды фактор болып табылады.

Қазір DAMU-1 зауытында 6 желі тәулігіне 1 миллион литр өндіреді. Ал DAMU-3 зауытында әр желі тәулігіне 1 миллион литр сусын беретін болмақ. Болашақта біз жаңа желілерді іске қосу арқылы өндірісті 3 есе арттыруды жоспарлап отырмыз. Бұл алдағы 7-10 жылға арналған жоспар қаншама қызметкерді тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді. Келесі жылы күзде біз өндірістің алғашқы желілерін іске қосамыз. Қазақстанда мұндай технологияларды алғаш енгізбекшіміз. Өндірісті іске қосу процесі айтарлықтай уақытты алады, шамамен 2 айға созылуы мүмкін. Болашақта бұл жоба компания үшін де, мемлекет үшін де табысты болатынына сенімдімін.

Мен өндірісті дамыту идеясын толық қолдаймын, сол үшін бар күшімді саламын. Салынған әрбір жаңа зауыт – бұл қызметкерлер үшін жаңа жұмыс орны ғана емес, сондай-ақ әлемдік аренада біздің еліміз үшін бәсекеге қабілетті экономика тұрғысынан тәуелсіз болуға мүмкіндік береді.

Мен кез-келген идеяның өмірде жүзеге асқанын көруден ерекше ләззат аламын. Бұл сезім тек маған ғана емес, бүкіл қоғамға пайда әкелмек, ел экономикасының дамуына ықпалын тидіріп, халықтың өмір сүру деңгейінің көтерілуіне серпін бермек.