Рахима Меңдібаева
еден жуушы
еден жуушы
Гүлдерге жан бітіріп, тазалықпен тыныстап жүрген Рахима Меңдібаева кеңсеміздің нағыз «феясы» десек те болады. Ол 14 жылдан аса компаниямыздың жарқырап, жайнап тұруына ерекше атсалысып келеді. Бір қызығы әріптесіміз біздің компанияға дейін 20 жыл бойы медбике болып қызмет атқарғанын бірі білсе, бірі білмес.
«Ауруханада реанимация бөлімінде жұмыс істедім. Біраз тәжірбие жинағаннан кейін, жедел жәрдемде қызмет еттім.Кейін бөпелі болып 5-6 жыл үйде отырдым. Алматыға көшіп келіп, «GALANZ bottlers» компаниясына жұмысқа тұрдым. Жұмысым – екінші үйім сияқты, ұзақ уақыт бойы жұмыс істеп келе жатқаным сол болар. Таңертең шаршап тұрсам да осы жаққа асығып тұрамын, жұмысқа келе сала шаршағанымның бәрін ұмытамын».
Рахима сияқты жаны таза, жүрегі жұмсақ жандар ғана гүлдерге ерекше қамқорлықпен қарайды. Тіпті ол кісі жұмыста болмаса гүлдер суарусыз қалатын секілді.
«Кеңседегі гүлдер – менің жан серігімдей. Оларды баптап, су құйып, жапырақтарының шаңын сүртсем жаным рахаттанады. Кейде олармен сөйлесіп те қоямын. Жұмыс көп болып, қолым тимей кеткенде, гүлдеріме көз қиығымды да сала алмай қаламын. Сондай сәттерде: «Ренжімеңдерші, мен сендерді ұмытқан жоқпын, тек біраз уақыт қараусыз қалдыңдар», – деп қоямын».
«Maxi Чай»-дың туған күнін атап өткен тимбилдинг Рахима апайдың есінен кетер емес.
«Жастармен бірге жарысқа мен де қатыстым.Сол күні жаңбыр жауып тұрған еді, бәріміз жүгірдік, секірдік, ақыры құлап, үстіміздің бәрі батпақ болды. Аяқ киімім үзіліп қалып, үйге жалаң аяқ қайтқан сәтім естен кетпейді. Күліп-ойнап, көңілім көтеріліп, аяққа да, батпаққа да мән бермедік».
Былтыр Рахиманың өмірінде шын мәнінде естен кетпес сәт болды «GALANZ bottlers» компаниясының қолдауымен алғаш рет шет елге шықты. Қайықты регата оның өміріндегі маңызды сәттердің біріне айналды.
«Бір күні теңіз қатты толқып, басым айналып, өзімді жайсыз сезіндім. Ертеңінде әріптестерім алаңдап: «Кеше басыңыз ауырды ғой, Рахима тәте, бүгін қайыққа шықпай-ақ қойыңыз», – деп жаны ашып жатты. Бірақ мен бой бермей белсенді қатыстым. Себебі таза ауа, мөлдір су, табиғаттың әсем көрінісі маған бәрі қатты ұнады. Еңбегімізді бағалап осындай демалыс ұйымдастырып беріп жатқан басшылыққа алғысым шексіз».