Әбішев Рустам Мұратұлы
аймақтық директор
аймақтық директор
Адалдық пен әділдікті ту еткен, Абай елінің тумасы, «GALANZ bottlers» компаниясының аймақтық директоры Әбішев Рустаммен таныс болыңыздар. Компанияда 12 жылдан аса қызмет етіп келе жатқан әріптесіміз Шығыс Қазақстаннан бола тұра біраз жыл Батыс өңірін басқарады.
«2019 жылдың аяғында батысқа жіберді. Батыс өңірін басқардым. Сонда мен бір қиыншылықтар болатын шығар деп ойладым. Өйткені екі жақтың менталитеті екі түрлі ғой. Бірақ қазақша таза сөйлейтіндігімнің арқасында ешбір қиындық туындаған жоқ. Батысқа барып тез тіл табысып кеттім».
Әріптесіміз компанияның арқасында жұмыс бабымен бүкіл Қазақстанды аралап шыққан. Бірақ батыста естіген сөз тіркесін әлі күнге дейін ешбір жерде естімегенін айтады.
«Көлікте отырған едім, территориальный менеджер келіп маған айтады: «Аяғың жіберіп қойыпты ғой» – дейді. Мен не айтып тұр деп, түсінбедім. Сыртқа шығып қарасам, дөңгелегімнің желі шығып кеткен екен. Аяқ деп дөңгелекті айтқанын бірінші рет естіп, таң қалдым».
Басшы талапшыл болған сайын, айналасындағылар іскер бола бастайды. Рустам сияқты талапшыл басшының талғамынан шыға білу де оңай емес.
«Пандемия уақытында мынандай бір қызық жағдай болды. Ол кезде сауда өкілдерін күнде жинап жиналыс өткізуге болмайтын еді. Мен офисқа бара жатқанда, алдымнан екі сауда өкілі өтеді. Офистің сыртында әріптестер тұр екен, солармен амандасып, сөйлесіп тұрған бойда, қасымдағы жігіттің телефонына sms келеді. Ол бірден дыбыстық хабарламаны қоса салады. «Байқаңдар, Рустам офис жаққа келе жатыр, қашыңдар. Қазір жиналыс жасап жіберуі мүмкін» –деген дыбыстық хабарламаны бәріміз естиміз. Сондай қызық оқиға болған. Енді жиналыста мен әрқайсынан нәтиже талап етемін ғой, содан болар деп ойладым».
Әріптесіміз өзгелерге ғана емес, өз ісіне де қатал талап қоя біледі. Оны жыл сайын көрсететін Семей қаласының көрсеткіштерінен-ақ байқауға болады.
«2012-2013 жылдары біз Семейде 122 мың литр сатқанға қуанатынбыз. Қазір 550-600 литр сатамыз. Жыл сайын жақсы нәтиже көрсетеміз. Былтырғы жылмен салыстырғанда биыл сауда 32 % -ға өскен».
Әрбір ісінен нәтиже шығаруға тырысатын әріптесімізге әрдайым берекелі табыс тілейміз.