kz Блог

МАХАББАТЫМ «МАХІ ЧАЙ»-ҒА ҚЫЗЫҚТЫ

Қызметкерлер
МҰҚАН ЖЫЛҚЫШИЕВ
заңгер
«GALANZ bottlers» компаниясының құқығын қорғайтын, барлық келісім-шарттардың уақтылы орындалуын қадағалайтын заң бөліміндегі қызметкерлердің атқарар еңбегі орасан зор. Компанияда ұзақ жылдар бойы адал қызмет етіп келе жатқан заңгер Мұқан Сырымбетұлымен таныс болыңыздар.

«2011 жылы заңгердің көмекшісі болып жұмысқа тұрдым. Жұмыспен ары- бері жүгіріп жүргем ғой, бәрі мені «жүгірмек» деп атайтын. Сондай лақап атым болған. «Махі Чайға» дейін сотта жұмыс істеген едім. Жаңа жұмысымның қатты ұнаған тұсы – бұл жерде негатив жоқ. Сотта жүрген кезімде телефонға тыным болмайтын, хабарласқан жандардың бәрі бірден шағым айтатын еді. Ол кезде соның бәрі маған үйреншікті болып көрінетін».

«Өмірде мамандықты және өмірлік жарды дұрыс таңдау керек» – дегенді көп естіген әріптесіміз осы екі маңызды таңдаудан қателеспеді. Болашақ жарымен танысып, табысып, бақытты болуына Мұқанның қай жерде, кім болып жұмыс істейтіндігі де септігін тигізген көрінеді.

«Жұбайыммен агент арқылы таныстым. Ол қыз менің қалада тұратынымды, «Махі Чай»-да жұмыс істейтінімді білген соң, маған қатты көңіл аударды. Мен болсам қыздың алдында өзімді үлкен компанияның үлкен бастығы сияқты ұстап, солай өзіме қаратып алдым».

Жұмыс уақытында өте салмақты, байыпты Мұқанды әріптестері мереке кезінде мүлдем танымай қалады.

«Хэллоуинге шайтанның образында киніп келген едім, жұмыстағылар түгел шошып кетті. Оның себебі намаз оқимын ғой, дәл солай киініп келеді деп ешкім күтпеген. Барлық әріптестерімді таң қалдырдым, сол образымды әлі күнге дейін айтады».