«GALANZ bottlers» компаниясының токарьі
Виктор Казаченко
Бүгін біз сіздерді «GALANZ bottlers» компаниясының токарьі Виктор Казаченкомен таныстырғымыз келеді. Ол 40 жылдан аса токарь болып жұмыс істеген, өз ісін жақсы көреді және ешқашан басқа мамандықтың иесі болу жайлы ойламаған.
«Токарьдің жұмысы өте жауапты, соған қарамастан өзім ұнатамын. Жұмыс неғұрлым қиын болған сайын оны орындау да соғұрлым қызықты. 18 жыл бұрын, мен жұмысқа тұрған сәтте, кішкентай ғана өндіріс орны еді. Бір ауысымда тек 3000 бөтелке шығаратынбыз».
Қазіргі таңда өндіріс көлемі де, жұмыс жүктемесі де бірнеше есе өсті. Бірақ соған қарамастан Виктор Викторович мол тәжірибесінің арқасында әрдайым бәріне үлгереді. Болашақта жұмысты сеніммен тапсыра алатын лайықты шәкірттер тәрбиелеуде.
«Зауытта үнемі клапан істен шығып қалатын. Механик менен болаттан үш жақты клапан жасап бере аласың ба деп сұрады. Біраз әбігерге түстім, бірақ жасап шықтым. Компания ақшасын үнемдеді, мен премия алдым».
Виктор жұмысқа бір сағат бұрын келеді, себебі кешіккенді жаны сүймейді. Түнгі сменде форс-мажорлық жағдайлар болған сәттерде әрдайым жұмысқа келіп, көмектесуге тырысады.
«Барлық армандарым орындалды. Отбасым, жұбайым аман-есен, ұлдарыма үй салып бердім, арманымдағы көлікті міндім. Мен Land Cruiser сатып алғанда, кейбір адамдар есеңгіреп қалғаны да рас. Қарапайым токарь қымбат джип мініп жүр деп таңқалды. Маңдай термен еңбектеніп алдым. Джипке отырған кезде: «Құдай беді, мен оған лайықпын» - деп ойладым».