kz Блог

ТПА цехының бастығы

2023-10-10 11:49 Қызметкерлер

БАСТАПҚЫ КЕЗДЕ

«Maxi Чайды» іске қосу кезінде басымыздан не өтпеді десеңізші. Ол кездері зауыттағы барлық жұмыстарды қолмен жасайтын едік. Менің цехымда 12 қолмен үрленетін машина болды, олардың тек 8-і жұмыс істеп тұратын, қалған 4-і үнемі жөндеуде жататын. Әйелдер бөтелкелерді қолдарымен пешке салып, одан алып шығып үрлейтін машинаға қоятын. Бір станок сағатына шамамен 500 бөтелке шығаратын. Содан кейін бөтелкелер қапқа салынады.
Одан кейін әр бөтелкеге затбелгі (этикетка) жапсырылады. 8 әйел затбелгіні қолмен жапсырып, оны осы затбелгі тұрған термотоннельге салады. Осының барлығы алдымен сұрыптау машинасына құйылатын көрші цехқа жіберіледі, содан кейін ғана шай құйылады. Менің цехымда тек 120 адам жұмыс істейтін. Жұмыс шарты қазіргіге қарағанда әлдейқайда нашар болған. Зауыттың іші ыстық, шулы болатын. Кейбір жұмысшылар шыдамай есінен таңған кездер де болған. Басы осылай басталған еді. Осындай қолмен жұмыс істейтін стонкаларда біз айына 10 мың бөтелкеден 1 миллион бөтелкеге ​​дейін өнімділікке жеттік. Уақыт өте келе заманауи жабдық алу мүмкіндігі пайда болады.
Ол кезде біз айына 1,5 миллион литр шығаратынбыз. Ал, қазір заманауи жабдықтың көмегімен айына 20 миллион литр шығарамыз. Біз бастаған кезде дамып жатырмыз, дамимыз деп ойлаған едік, бірақ біз әлі күнге дейін даму үстіндеміз.
ҚЫЗЫМНАН ҰЯЛҒАНЫМ – АЙ...
Менің қызым сату бөлімінде қызмет ететін, кейін ол мені «Galanz bottlers» компаниясына жұмысқа шақырды. Кеңес одағы тұсында мен слесарь-аспапшы болып жұмыс істедім. Кейін пластмассадан түрлі өнімдер шығарған «Қызыл Ту» кәсіпорнында бас инженер болдым. Бірақ, ешқашан компьютермен жұмыс істеп көрмегенмін, алғаш рет осы жерде көріп, басында шошып қалғаным бар. Қашып кеткім келген. Сол қылығым үшін қызымнан ұят болды. Уақыт өте келе үйреніп алып, барлығын істей бастадым. Қазір цехтың бастығымын. Осында қызмет етіп жүргеніме 20 жыл болды.

ДАЙЫНДАУ УЧАСКЕСІ ТПА ЦЕХЫ

ТПА – термопластавтоматтар. Біз преформалар мен «Sevens» суының қақпақтарын шығарамыз. Бұрындары 19 литрлік бөтелке де шығаратынбыз. Пэт-шикізат деген ұнтақ іспеттес гранула, соны құрылғыға салып, үлкен температурада балқытып, кішкене пробиркаларға ұқсайтын преформа жасаймыз. Өндіріс барысында сол преформалардан бөтелке үрлеп, сусын құйылады. Болашақта жаңа станоктар шыққан кезде, қазір сырттан сатып алып жүрген қосымша преформаларды өзіміз басқа формаларда шығаратын боламыз деп жоспарлаудамыз.
Ұжымымыз өте тату. Менің көптеген шәкірттерім бар, мысалы Слава Кисель басында реттеуші болып жұмыс істеді, содан кейін менің орынбасарым болды, қазір ол зауытта бас инженер болып жұмыс істейді.
КӨЛІК СЫЙЛАЙТЫН БАСҚА ЖҰМЫС ОРНЫ ЖОҚ ШЫҒАР?
Осыдан 6 жыл бұрын компания менің жұмысымды бағалап, 60 жылдық мерейтойыма көлік сыйлады. Өндірістік қажеттіліктер үшін берілген қызметтік машинам бар еді, соның кілтін туған күнімде қолыма тапсырып, жеке меншікке аударып берді. Мұндай сыйлықтар алған кімге ұнамасын? Әрине, ұнайды. Әлі күнге дейін жүріп тұр. Сонымен қатар, мен «Galanz Bottlers»-тің арқасында әлемді таныдым. Қытай, Германия, Бельгия, Жапония сынды мемлекеттерде болдым. Қуана барып, дүниетанымымды кеңейтіп қайттым.

50 МИЛЛИОН ЛИТР ШЫҒАРАТЫН БОЛАМЫЗ

Кейде отырып, алдағы уақытта бізді не күтиеді деп ойланамын. Жоғарыда айтқанымдай, өнімді 20 жылда 1 миллион литрден 20 миллион литрге дейін жеткіздік. Егер біз осы пропорцияда өсетін болсақ, 10 жылдан кейін айына 50 миллион литр шығаратын мүмкіндігіміз бар. Мен тек «Махi Чайды» айтып тұрғаным жоқ, біз сондай-ақ дәмді алоэ вера сусынын, лимонад, квас шығарамыз. Осы бағытта кеңейетін боламыз. Өз компанияма тек өсіп-өркендеуді, клиенттердің көп болуын, тұрақты серіктестер мен жауапты қызметкерлер тілеймін.