Байрамәлі Ерімбетов
ауысым басшысы
ауысым басшысы
Ауысым басшысы Байрамәлі Ерімбетов 19 жыл бұрын зауыттың табалдырығын қарапайым жүк тиеуші болып аттаған еді. Мектепті енді ғана бітірген 18 жастағы жігіт уақыт өте келе жүк қаптаушы болады, содан кейін наладчик қызметіне ауысады, жөндеу бригадасында да жұмыс істеп үлгереді. Зауытта қызметтен қызметке ауысып жүріп, ол өмірлік жары Аидамен танысады.
«Қыс мезгілінде «Махi Чай» зауыты уақытша тоқтап қалатын кездер де болды. Сол кезде басшымыз жоғары жақпен келісіп, біз 50% жалақыға жұмыс істедік. Жұмыстың жанында пәтер жалдап тұрдық. Осындай қиын кезеңдерде болашақ жарым үйінен тамақ әкеліп, бізге қолдау көрсететін. Солай бір-бірімізге сүйеу болып жүріп, шаңырақ көтердік».
Болашақ жары Аида ол кезде лаборант болып жұмыс істейтін. Бір ауысымда жұмыс істеп жүріп танысып, кездесуге шақырады.
«Алғаш рет киноға бардық. Көрген фильміміз әлі күнге дейін есімде – «30 дней ночи» деген қорқынышты кино еді. Өлә, страшно! Өзім қатты қорқып отырсам да, қыздың қасында сыр білдірмей, намыстанып әзер отырдым. «Қандай киноға әкелдің?» – деген реніш бола ма деп едім, керісінше, оған дәл осындай фильмдер ұнайды екен».
Ең қызығы, отбасын құрмай жатып екі жас ақылдасып, несиеге көлік алады.
«Ол мені көлік алуға үгіттеді. «Екеуміз қыдырып жүреміз» – деді. Сөйтіп, үйленбей тұрып екі есікті Mazda көлігін алдық. Жұмыстан кейін оны үйіне апарып тастап жүріп, жеке жүргізушісі болдым. Ал ол болса, анасынан жасырып, айлығының жартысын маған беріп тұратын».
Зауыттағы ұзақ жылғы еңбегі мен адалдығының өтеуі күтпеген қуанышпен оралды. Компания басшысы пәтер сыйлаған сәтте, осы зауытта өткен 19 жылы көз алдынан бір сәтте өтіп шыққандай болды.
«Әйеліміз екеуміз одан 1-2 ай бұрын ақшамызды жинақтап балаларға пәтер алайық деп жоспарладық. Бір айлыққа өмір сүреміз, екінші айлықты жинаймыз деп келіскен едік. Жылдар бойғы еңбегімізді бағалап, пәтерді жұмыстан берді. Қуанышымызда шек жоқ».