Камал Ахмедияров
аға логист
«Мистер Кемаль» деген лақап аты бар «GALANZ bottlers» компаниясының аға логисті Камал Ахмедияровпен таныс болыңыздар. Камалдың компанияда қызмет еткеніне 13 жыл болыпты.
«Бұрын қоғамдық көлікте кондуктор болып жұмыс істегенмін. 2011 жылы 25 желтоқсанда компанияға жүк тиеуші боп орналастым, жарты жылдан кейін жүргізуші болдым. Қазір логистпін. Логисттің рұқсатынсыз жүргізуші берілген бағыттан ауытқып кете алмайды. Оны біз GPS-тен мұқият қадағалап отырамыз. Егер де тауар қайтып жатса, жүргізуші бізге айтады, біз бірден коммерция бөліміне хабарлаймыз. Сауда өкілі сол күнгі тауарды өткізудің түрлі жолдарын іздестіреді».
Өмірде Камал Бақытжанұлы негізгі үш қасиетті басшылыққа алады. Олар: қарапайымдылық, адалдық, табандылық. Бұл өмірде бәрі де бумеранг принципіне бағынатынына кәміл сенеді. Соны айғақтайтын оқиғасымен де бөлісті.
«Бір күні дүкенге келген едім, сатушы босамай жатты. Ақшасын асықпай аламыз деп тауарды түсіріп, санап, өткізіп бердік. Негізгі жұмыс біткен соң ақша туралы мүлдем ұмытып кетіппін. Кешке кассаға келгенде де есіме түскен жоқ, жетпеген ақшаны қалтамнан төледім. Келесі күні сол дүкеннен қайта өтінім түскен екен. Барған бойда сатушы: «Камал, кеше ақшаң жетпей қалды ма?» – деп сұрады. «Ия, жетпей қалды» – дедім. Сол кезде ғана телефонмен сөйлесіп, ақшаны алмай шығып кеткенім есіме түсті. Сатушыға алғысымды білдіріп, рақмет айтып кеттім. Мен үнемі адал жүрсең, айналаң сенің айнаң болатынына сенемін».
Жүргізушілер тауардың ақшасын алып, кассаға өткізетін болғандықтан кейде басын қауіп-қатерге тігетін кездер де болады. Камал Бақытжанұлы жүргізуші болып жүрген кездегі бір сәтін еске алды.
«Күнде ақшамен жұмыс істегеннен кейін сақ болу керек. Жолда келе жатып көліктің айнасына үнемі қарап отыратынмын. Егер де бір көлік артыңнан қалмай ілесіп жүрсе, бірден басшылыққа хабарлаймыз. Менде сондай жағдай болды: 15 көше бойы бір көлік артымнан қалмай аңдып жүргендей болды, бірден басшылыққа хабарладым. «Сақтансаң, сақтаймын!» – дейді ғой, бізді бақылауға алғаннан кейін көлік те тасада қалды».
Қазіргі алмағайып заманда ісіне тұрақты, адал әрі еңбекқор, білікті мамандар тапшы. Сондықтан «GALANZ bottlers» компаниясы Камал Бақытжанұлы сияқты мамандарын әрдайым мақтан тұтады!