Айгүл Битімбаева
аспаз
аспаз
Айгүл Битімбаева – зауыт асханасында жиырма жылға жуық уақыт бойы табанды еңбек етіп келе жатқан білікті аспаз. Күн сайын шамамен 600 адамды тамақтандырып, үлкен жауапкершілікті абыроймен атқарып келеді. Аспаз болу оның бала күнгі арманы еді.
«6-сыныпта оқып жүрген кезімде анамның туған күніне алғаш рет лағман создым. Сол сәттен бастап тамақ жасауға деген ерекше қызығушылығым оянды. Әрине, бәрі бірден мінсіз бола қойған жоқ, лағманның наны ойдағыдай созылмай қалатын сәттер де болды. Сондай сәттерде сиырға беретін едім. Сиырды да тойдырдым, ал өзім болсам тәжірибе жинап, қателіктен қорықпауды үйрендім. 20 жасымда 50 тракторшыға тамақ әзірлеп, өзіме деген сенімім артты. Бала күнімнен аспаз болуды армандадым, сол арманым мені әрдайым алға жетелеп келеді».
Айгүл үшін зауыттағы алғашқы жұмыс күні бірден асханадан басталған жоқ. Қазір ол сәтті күліп еске алады.
«Бірінші күні жұмысқа келгенімде маған: «Асханаға орын жоқ, техничка боласыз ба?» - деді. Өмірімде істеп көрмеген жұмыс болған соң ба, білмедім әйтеуір үш сағаттай ойланып отырдым. Сол кезде күзетші жігіт: «Техничка болуға да сонша ойлануға бола ма?» - деп күлгені әлі есімде. Алғашқы жұмыс күнімде столдың астына кіріп, полды бес сағат жуған екенмін. Әріптесім, тетя Нина соны көріп, күліп: «сенбі күні кел, қалай жуу керегін үйретем» – деді. Солай сенбі күні келіп, пол жууды үйрендім».
GALANZ bottlers Айгүлдің өмірінде ерекше орын алады. Бұл компанияда тек өзі ғана емес, қызы да ұзақ жылдар бойы еңбек етті. Қызының жұмыс өтілі 12 жыл, қазір ол декреттік демалыста. Ал отбасы үшін ең жарқын әрі ұмытылмас сәттердің бірі – компания сыйға тартқан баспана болды.
«Пәтер алған сәттегі сезімімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Қуаныштан көзіме жас келді. Тұрсынғали Тұрымұлының айтқан сөздері әлі күнге дейін жүрегімде: «Менімен бірге болғандарың үшін, ыстығына да, суығына да көнгендерің үшін рақмет» дегені жанымды толқытты. Сол сөздерді естігенде, 2008 жылдан бері осы жерде еңбек еткен өмірім көз алдыма келді. Мың да бір рақмет ол кісіге. Осындай адамдардың еңбегін қадірлей білетін ер азаматтарымыз көп болсын».