kz Блог

«GALANZ BOTTLERS» КОМПАНИЯСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ПӘТЕР СЫЙЛАДЫ

Жаңалықтар
«GALANZ bottlers» компаниясы әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын берік ұстана отырып, кәсіпорынның дамуына елеулі үлес қосқан қызметкерлерге пәтер кілттерін табыстады. Компанияның негізін қалаушы Тұрсынғали Тұрымұлы пәтер кілттерін өзі табыстай отырып, әрбір қызметкерге адал қызметі үшін алғыс білдірді. ⠀Пәтерлер «Hayat Construction Group» компаниясы салып жатқан заманауи тұрғын үй кешендерінен берілуде. Қызметкерлердің алғашқы легі жазда қоныстанса, кейінгі толқын күзде жаңа баспаналарына көшетін болады.
Құрметті әріптестер, көптен күткен қоныс тойларыңыз құтты болсын! Шаңырақтарыңызда шаттық ұялап, береке-бірлік орнасын!
Сіздер бұл қуанышқа шын жүректен лайықтысыздар!