Кейде үлкен армандар кішкентай ниеттен бастау алады. Қызылордалық Жанар Төлегенқызының отбасы да «жеңсек екен...» деп ниеттеніп, «Maxi Чай»-мен бірге саяхатта» акциясына қатысып, бақ сынайды. Тікелей эфирде отағасы Ерлан Байтұрсыновтың есімі жеңімпаз деп аталған сәтте отбасының қуанышында шек болмайды. Сол күні шаңырақтарында екі бірдей қуаныш болады. Қызы Айша ағылшын тілінен емтихан тапсырып, жоғары нәтиже көрсетіп, ата-анасының мерейін өсіреді. Қызының еңбегі мен табандылығына риза болған әкесі ұтып алған жолдамасын Айшаға сыйлауды жөн көрді. Осылайша, Айша анасы Жанармен бірге Анталияда демалып қайтты.
«Әсерімізді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Осындай мүмкіндік сыйлаған компанияға алғысымыз шексіз. Отбасымызбен «Maxi Чай» сусынын жақсы көреміз. Дәмі ерекше, өте ұнайды. Бұл сапар өміріміздегі ең әдемі естеліктердің бірі болып қалады», – дейді Жанар.
Арманға сеніңіз! Акцияға қатысыңыз. Бәлкім, келесі айда «Maxi Чай»-мен бірге саяхаттайтын жеңімпаз – сіз боларсыз!
1 мамырдан 1 қазанға дейін GALANZ bottlers компаниясынан 5 сусын сатып алып, MAXITRAVEL.KZ сайтына чегіңізді тіркеп, ұтысқа қатысып, жүлделі болыңыз!