Бұл оқиға – ене мен келіннің арасындағы сыйластық пен татулықтың айқын көрінісі. Келіннің қамқорлығы мен ананың алғысы үйлескен берекелі отбасынан шынайы жылулық сезілді. «Maxi Чай»-мен саяхатта» байқауының кезекті жеңімпазы –Альбина Тоқпанова. Әрқашан жолы оңынан туатын Альбина түрлі акцияларға жиі қатысып, бағалы сыйлықтарға ие болып жүр. Бұл жолы ол екі адамға арналған Түркия сапарын ұтып алып, оны ата-енесіне сыйға тарту етті.
«Ұтысты естігенде қуанышым шексіз болды. Бірақ ең дұрыс шешім – жолдаманы ата-енеме беру еді. Олардың жақсы демалып, жаңа әсер алуына себепші болу – мен үшін ең үлкен сый».
Альбинаның енесі, зейнеткер Күлжан Тайманова алғаш рет шетелге шығып, Түркияда демалып қайтқан әсерімен бөлісті.
«Жерорта теңізінің әсем табиғаты мен көгілдір толқындары ерекше әсер қалдырды. Түрік халқының ұлттық тағамдарынан дәм таттық. Әсіресе Сиде қаласының тарихи орындары – Апполон мен Афина ғибадатханалары, көне амфитеатр – бізді ерекше таң қалдырды. Манавгат сарқырамасын тамашалап, зәйтүн майының жасалу процесін де көрдік. Бұл сапар – өміріміздегі ең жарқын естелікке айналды. Осындай мүмкіндік сыйлаған «Maxi Чай»-ға және жолдаманы тарту еткен келініме ерекше алғыс айтамын».
Осылайша, бір ғана ұтыс бүтін бір әулеттің қуанышы мен шаттығына айналды. «Maxi Чай» тек сусын емес, ол жүректерді жақындататын, отбасына ортақ бақыт сыйлайтын бренд екенін тағы бір дәлелдеді.