kz Блог

КӘСІБИ ҚЫЗ ЖОЛДАС

Қызметкерлер
Бүгінгі кейіпкерімі – Марал Бейбітова,«GALANZ bottlers» компаниясында Бас технологтың орынбасары. Әріптестері оны «кәсіби қыз жолдас» деп атап кеткен, себебі Марал заводтың өзінде 5 құрбысын ұзатып үлгерген. Болашақта тағы да ұсыныстар болса қарсы емес,бірақ енді қалыңдық болсам деген ниеті бар. Медик Марал әуелде заводқа уақытша жұмыс істеймін деп орналасқан екен.

«Алдымен медициналық, кейін биотехнология мамандығын игердім. Практика кезінде түрлі өндіріс орындарын көріп, зауытта жұмыс істемеймін деп ойладым. Сол үшін магистратураға түстім. «GALANZ bottlers» компаниясына құрбым шақырып, уақытша орналастым. Енді міне көзді ашып-жұмғанша 8 жыл өтіп кетіпті».

Қызметкерлерге мотивация беру мақсатында әрі жұмыста жақсы жетістіктер көрсету үшін компанияда сапа үйірмесі жұмыс істейді. Сапа үйірмесінің арқасында біраз жаңа идеялар жүзеге асырылды.

«Сапа үйірмесі ізденуге мүмкіндік берді. Бір қызық жағдай болды. Электр қуатын үнемдеу мақсатында деаэраторды өшіреміз деп, жүйеден мүлдем жоғалтып алып, әбден састық. Техникалық бөлімдегі әріптестердің шашы тік тұрды. Іздесек, таппаймыз. Амалымыз құрыған сәтте шұқылап жатып, тауып алдық. Әрең дегенде деаэраторды іске қостық. Бірақ кейін осы ізденістеріміздің арқасында энергия мен сұйық фазаны үнемдеп үйрендік. Сөйтіп 1 тонна шәй үнемдедік».

Зауыттағы өндіріс процесі толығымен технологтың қадағалауымен жүзеге асады. Тәжірбиелі технолог – өндірістің жүрегі. Марал өзіне жүктелген жауапкершілікті сезініп, осы күнге дейін басшылық артқан жүктемені абыроймен атқарып келеді. Біз мықты мамандарымызды әрқашанда мақтан тұтамыз.