Руслан Ыдырысұлы
жүргізуші
жүргізуші
Егер көлік жүргізушілеріне актерларға сияқты «Оскар» сыйлығы берілсе, «GALANZ bottlers» компаниясының жүргізушісі Руслан Ыдырысұлы оған лайық болар еді. Сүйікті сусындарыңыздың уақытылы жеткізілуіне үлес қосып жүрген еңбекқор, бетке ұстар әріптесімізбен жақын таныс болыңыздар.
«Күніне 2-3 рейс жасаймын, 350 шақырым жүреміз. Жұмысқа келе салып алдымен өзіміз медосмотрдан өтеміз, одан кейін көлігіміз тексерістен өтеді. Онсыз көлікке отыруға болмайды. Өзім көлік айдағанды бала күнімнен жақсы көремін. 7 сыныпта ең алғаш көлік айдағаным әлі күнге дейін есімде. Ол кезде қазіргідей автомат емес, механика болатын. Қолдарым дір-дір етіп, әбден ақ тер, көк терге түстім».
Сондай-ақ Руслан «GALANZ bottlers» компаниясына жұмысқа қалай орналасқанын да есіне түсірді.
«Осы жерге жұмысқа тұрғанға дейін кондитерлік кәсіпорында жүргізуші болып жұмыс істеп жүрген едім. Cол кезде «Махi Чай»-да екі кластасым қызмет ететін. Солар хабарласып, «біздің компанияға сен сияқты тәжірбиелі жүргізуші керек, бізге келсеңші» деп шақырды. Мен жұмысқа тұрдым, менен кейін тағы бір кластасымыз жұмысқа тұрды. Басқа жерде жұмыс істесең, кластастарыңмен араласуға да уақыт таппайсың ғой, енді бір жерде жүріп, жақсы болды бір-бірімізді күнде көреміз, қал сұрасып, қалжыңдасып тұрамыз».
Күнде жұмысқа ақ футболкамен шығатын Руслан мырза тазалыққа келгенде өте кірпияз. Күні бойы терлеп-тепшіп жұмыс істеп, жүкті де тиеп, көлікті де жүргізіп, кешкісін сол ақ футболкасымен тап-таза болып қайтатындығына әріптестері аң-таң болады. Компанияның үздіксіз дамуына еңбегін сарп еткен Руслан Ыдырысұлындай адал азаматтарымызды әрдайым мақтан тұтамыз!