kz Блог

Бізді "MAXI Чай" үйлендірді

Қызметкерлер
Өмірде екі нәрсе маңызды. Бірі – мамандық болса, екіншісі – жар таңдау. Ал сүйікті қызметіңде сүйкімді жарыңды кездестірсең ол екі есе бақыт. «Galanz bottlers» компаниясында бақытын тауып, бас қосып, шаңырақ көтерген 14 жұп қызмет етеді. Сондай мерейлі отбасылардың бірі – Дулат пен Калия Тортбаевтар.
Оларды таныстырған да, жүрегін табыстырған да - «Maxi Чай». Дулат сүйікті сусындарыңызды әзірлеуге бар күш-жігерін жұмсаса, Калия лабораториялық тексерістен өткізеді. Купаж операторы болып қызмет ететін Дулаттың бойындағы жауапкершілік пен жұмысқа деген тиянақтылық Калияның жүрегін баурап алды. Нәзік, талдырмаш аруды Дулат та бірден ұнатады. Көп ұзамай екі жас шаңырақ көтерді.
Күнде жұмысқа бірге келсек те, жұмысымыз бір-бірімізбен тығыз байланысты емес, сондықтан бір ұжымда қызмет етуіміз жеке өмірімізге еш кедергі емес Кейде жолдасым қалжыңдап «жұмыста сен бастық болсаң, үйде мен бастықпын» дейді Калия.
Қазір жұбайлардың отасқандарына 10 жылдан асты. Бір-біріне демеу болып, екі жақтан қызмет етіп, жер алып, үй салып, үш бала тәрбиелеп отырған берекелі отбасы. Отбасылық мерекелерде сүйікті сусыны «Maxi Чай»-ды ішу дәстүрге айналған.