kz Блог

«МАХI ЧАЙ» -дың ИІСІ МОТИВАЦИЯ БЕРЕДІ

Қызметкерлер
Мөлдір Жақыпжарқызы
Сапаны бақылау департаменті директорының орынбасары
«GALANZ bottlers» компаниясының басшыларының басым бөлігі ең төменгі лауазымнан бастап, кәсіби біліктілігін арттырып, қызмет бабында көтерілген жандар. Солардың бірі – Сапаны бақылау департаменті директорының орынбасары Мөлдір Жақыпжарқызы.

«2010 жылы алғаш жұмысқа лаборант болып орналастым. Осы 13 жылдың ішінде технолог, мастер, сапа инженері, сапа менеджері қызметтерін абыроймен атқарып мансабым өсті. Әлі күнге дейін есімде, мен жұмысқа тұрған сәтте лимон дәмімен «Махі Чай» құйылып жатқан. Қазір де заводқа кірген бетте қандай сусын құйылып жатқанын бірден ажыратам. «Махi Чай» -дың өзінің ерекше иісі бар, сол маған мотивация береді. Декретте отырған кезімде жұмыстағы иісті сағынатын едім».

Өндіріске қатысы жоқ адам технолог мамандығының қыр-сырын, маңыздылығын көп жағдайда түсіне бермейді. Технолог бүкіл өндірістік тізбекке жауап беретін маңызды маман. Біраз жылдар бойы технолог болып қызмет еткен Мөлдір зауытта орын алған мына бір оқиғаны әлі күнге дейін ұмытар емес:

«Технолог болып жұмыс істеп жүрген кезім. Қасымдағы әріптесім жаңадан декреттік демалыстан шыққан, мен болсам оған үйретіп жүрмін. Сол күні линияда Torpedo red құйылып жатқан, оған барбарис қосылады, сол барбаристің араматизаторын саларда бос тұрған артық тараны бірге есептеп жіберген екенбіз. Оны құйылып жатқанда бірақ байқадық. Нәтижесінде бізде Torpedo red емес pink шықты. Оны енді ештеңке істей алмайсың, сол смендегі әріптестеріммен бірігіп сусынды өзіміз сатып алдық. Ақшасын еңбекақымыздан үш ай төлеген шығармыз. Осы оқиға бізге ендігәрі қателеспейтіндей сабақ болды».

Өз ісіне адал, ұжымда абыройлы Мөлдір Жақыпжарқызына қызметте биік белестерді бағындыруға тілектеспіз!