Ербол Мұса
«GALANZ bottlers» компаниясының операторы

«GALANZ bottlers» компаниясында 15 жылдан аса қызмет етіп келе жатқан әріптесіміз Ербол Мұса ойламаған жерден баспанасыз қалды. Тілсіз жау бір мезетте үйін күлге айналдырды.
«Үй өртеніп, қиын жағдай болды. Мен ол кезде түнгі сменде жұмыста едім. Көрші звондап, болған жағдайды айтып, келіншегіңе хабарлас деді. Ең бастысы – отбасым аман екен, соған шүкір деп қуандым. Барсам қызым қайта-қайта жылай берді, келіншегім де қорқып қалған. Түн ортасында өрт шыққанын көршілер көріп оятып, түтіннен әзер шығарып алған екен».
Апат айтып келмейді. Дүние-мүлкі өртенген отбасына ұжым болып, ақшалай қаржы жинап, көмек көрсетіле бастады. Қызметкердің басына түскен қайғылы жағдай жайлы естіген компания басшысы Тұрсынғали Алагөзов жаңа баспана көтеру үшін құрылыс материалдарын алып берді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» - демекші, жаңа үйдің құрылысы да басталып кетті.
«Ұйымшыл ұжымға алғыс айтқым келеді. Арамызда кез-келген жанның басына іс түсіп қалса, ақша жинап, көмектерін аямайды. Материалдық көмек көрсетіп жатқан Тұрсынғали мырзаға көп рақмет. Жақсылық жасасаң, ол міндетті түрде жақсылықпен қайтады. Көмектесіп жатқан жандарға Алла разы болсын. Қазір енді үй салып жатырмыз, 1-2 бөлмесін бітіріп, қысқа дейін кіріп алсақ деп отырмыз».
Компанияның 25-жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «25 игі іс» акциясының аясында жасалып жатқан қайырымдылық әрекеттер жайлы әлі де хабардар етеміз.