«Молодой» деген лақап аты бар Болат Қоянбайұлымен таныс болыңыздар. Жасы 68-де, «GALANZ bottlers» компаниясының ең жасы үлкен қызметкері. Ол 15 жылдан аса TПA реттеушісі (наладчик) болып қызмет етіп келеді. Зейнеткерлік жас жұмыс істеуге еш кедергі емес, себебі салауатты өмір салтын ұстанып, сергек әрі жігерлі жүруге болады. Болат мырза күнде таңертең 7 км қашықтыққа жүгіреді. Өз ісінің нағыз маманы, өзгелерге қашан да үлгі. Болат мырза кезекті ауысымға шыққан кезде техника ешбір ақаусыз үздіксіз жұмыс істейді.
"Өндірістің негізгі тірегі - станок. Техникаға ерекше мұқиятпен қарау керек. Жұмыстағы ТПА реттеушілерінде арнайы техникалық білім жоқ, тәжірбие барысында өздері оқып, жөндеп үйренеді. Қазір барлық заманауи техникалар компьютермен байланысты бұрынғыдай қол машиналары емес. Техниканың тілін түсініп, үйрену үшін біраз уақыт керек. Шындығын айтқанда, қазір біз жас мамандарды практикалық жағынан өзіміз үйретеміз".
Бір таңқаларлығы, біздің кейіпкеріміз өмірінде ешқашан қатты ауырып еңбекке жарамсыз қағазын алып емделмеген екен. Әзілдеп ауруға уақыт жоқ дейді. Әрқашан солай болсын. Сізге зор денсаулық және ұзақ ғұмыр тілейміз