kz Блог

«MAXI ЧАЙ»-МЕН БӘРІ МҮМКІН: ҚАЗАЛЫДАН – АЛАНИЯҒА!

Жаңалықтар
«Maxi Чай»-мен бірге саяхатта» акциясының кезекті жеңімпазы – Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінің тұрғыны Сембай Жанар Романқызы. Ол кенже қызы Айнұрдың арқасында алғаш рет шетелге шығып, Түркияға барып демалып қайтты.
«Шыны керек, акцияға қатысамын деп ниеттенген де емеспін. Кіші қызым Айнұр: «Мама, чек жіберейінші сіздің атыңыздан» деп жолдаған еді. Мен жеңімпаз боламын, шетелге шығамын деп ойламадым».
Жанарға «Сіз жолдама ұттыңыз!» деп қоңырау шалғанда, сенер-сенбесін білмей абдырап қалады. Дәл сол уақытта қасында болған қызы чек жібергенін бірден есіне түсіреді.
«Шетелге алғаш шығуым. Түркияға жолдасыммен бірге керемет дем алып қайттық. Бұл сапар мен үшін нағыз арманның орындалуы болды. Аланияның табиғаты, тарихи орындары, Жерорта теңізінің әсемдігі – барлығы да ерекше әсер сыйлады».
Жанардың естен кетпес сәттерінің бірі – теңіздің ортасында кеменің үстінде тілегін айтып, суға түсуі еді. Ал Сұлтан Сүлейман мешітіне көтеріліп, құран бағыштауы бұл сапарды одан сайын мәнді ете түсті.
«Мен үшін бұл тек саяхат емес, өмірге деген жаңа көзқарас болды. Осындай мүмкіндік сыйлағаны үшін «Maxi Чай» ұжымына шын жүректен алғыс білдіргім келеді».