Шолпан Рақымжанова Қантты еріту станциясының шебері
Алкогольсіз сусындар өндірісінде қанттың маңызы зор. Қантты пайдаланбас бұрын жан-жақты микробиологиялық тексерістен өткізіп, оның әр түрлі көрсеткіштерін есепке алады. Себебі қант сусынның дәміне тікелей әсер етеді. Ал бүгінгі кейіпкеріміз қантты еріту станциясының шебері – Шолпан Рақымжанова.
«2007 жылы университетті бітіріп, жас маман ретінде жұмыс іздеп жүрдім. Бір таныс кісі айтты: «Махi Чай» шығаратын компанияға лаборант керек екен, сол жерге барып резюмеңді жіберіп көр деді. Бірден резюмемді жазып жібердім. Ол кезде бас технолог Надежда Николаевна болатын. Сол кісі мені собеседованияға шақырды. Тәжірибең жоқ демей, бірден технолог маманы ретінде жұмысқа қабылдаған кезде қатты қуанып кеттім».
Таңдаған кәсібің көңіліңнен шығып, істеген ісіңе ризашылық білдіре алсаң, өмірде де жолың болып, өсіп өнетінің хақ. Жоғарғы оқу орнының жап-жас түлегі болып келген Шолпан бүгінде сүйікті жар, сыйлы келін, аяулы ана атанып үлгерді.
«Кейін «Махi Чай» DAMU-ға көшкен кезде, жолдасым екеуміз жұмысыма жақын болсын деп Байсеркеден үй салдық. «Махi Чай»-мен бірге өсіп келе жатырмыз. Басқа компаниялар да жұмысқа шақырған кездер болды, бірақ «Махi Чай» өзі секта сияқты, бір кірсең шыға алмайсың».
Шолпан – төрт баланың анасы. Балалары «Махi Чай» сусынын қатты жақсы көреді. Өзі осында жұмыс істегендіктен, өнімнің сапасы жоғары, әрі халал екенін білген соң, бала денсаулығына еш уайымдамайды. Кезекті декреттік демалысқа шығардың алдында мынандай қызық жағдай болғанын есіне түсірді.
«3-ші балама аяғым ауыр. Ішім домаланып енді шығып келе жатқан кезде лабараторияда тұрсам, Надежда Николаевна кіріп келді де: «Ты что, опять беременна?» деп кенеттен сұраған кезде, сасқанымнан «Нет» деппін ғой. Бірақ бір аптадан кейін барып шындықты айттым. Ұялғанымнан солай жауап бердім десем, «А что тут скрывать, рожай пока есть возможность» - деп күлді.
Еңбегі әрдайым бағаланып жатқаны Шолпанды жігерлендіріп, жұмысқа деген құлшынысын арттырады.
«Медаль алған кезде туған-туыстардың бәрі қуанды. Әпкелерім әскери салада жұмыс істейді, солар медаль алып жатқан кезде қатты қызығатын едім. Мен медаль алған кезде олар қалжыңдап: «Сен де біздің қатарымызға қосылдың, енді сенде де медаль бар» деп қуанып, құттықтап жатты.