Ерболат Аманов
сауда өкілі
сауда өкілі
«GALANZ bottlers» компаниясының күн санап көркейіп келе жатқаны жас қызметкерлерге ерекше құлшыныс береді. Сондай жастардың бірі – Қонаев қаласындағы сауда өкілі Ерболат Аманов.
«Компания өсіп, өркендеп жатыр, болашағы айқын. Қазіргідей алмағайып заманда бір компания ашылып, екіншісі жабылып жатқанын көріп отырмыз. Осы жерде жұмыс істеп, үй салып, көлік алғанымды да жетістік деп санаймын. Соның бәрі маған мотивация береді. Ары қарай да компанияда жұмыс істеп, өз үлесімді қосамын деген үміттемін».
Ерболат компанияда 2018 жылдан бері жұмыс істеп жүр. Бұрын-соңды саудада тәжірбиесі болмаса да, жұмысқа деген ынтасы мен құлшынысының арқасында осы уақыт аралығында талай жетістіктерге жетті.
«Бір жыл Өтеген батыр ауылында жұмыс істедім де, одан кейін Қапшағайға ауысып алдым. Бізде үлкен аквапарк бар, біраз уақыттан бері сөйлесіп жүріп, биыл бірінші рет соны қостық. Демалыс орындарын қосу үшін «Маxi Чай» - дың палаткаларын беріп, тоңазытқыш беріп, клиентті қызықтырудың әр түрлі жолдарын қарастырамыз. Жалпы біздің ауданға биыл 200 тоңазытқыш қойдық. Бассейндерге «Maxi Чай»-дың жарнамасын жабыстырдық. Балалардың бәрі «О, Maxi Чай!» - деп мәз болып суға түсіп жатады. Басқа компаниялар сол үшін төлемақы төлейді, біз жақсы қарым-қатынастың нәтижесінде ешбір төлемсіз келістік».
Әрбір жұмыстың өзінің қызығы мен шыжығы болады. Қаншама уақыт өтсе де сондай сәттер есте қалары сөзсіз. Ерболат та сондай басынан өткен жағдайлардың бірін баяндап берді.
«Қыстың күні болатын, далада -35 градус қатты аяз. Жаңа жыл қарсаңында «Махi Чай»-дың бөтелкелерін тізбектеп әдемі шырша жасап жатқан едік. Бастықтардың біреуі хабарласып, жүк көлігі бұзылып қалды деді. Шыршаны бітірдік те, бұзылған көлікке бардық. Сол көліктегі тауарды менің машинама салайық деп жатсақ, менің көлігімнің багажнигі ашылмай, сондай қызықтар болды. Әйтеуір бәріміз жабылып жүріп багажникті ашып, барлық тауарды менің көлігіме салдық. Сөйтіп тауарды өзімнің көлігіммен тасыған күндер де болды».
Былтыр ұжымдық регатаға баратын қызметкерлердің тізіміне Ерболат та енді, бірақ оның сапары елден ерекше болды.
«Бірінші рет шет елге шығып тұрмын ғой, құжаттың біту мерзімі жарты жылдан кем болмау керектігін білген жоқпын. Ұйымдастырушыларға құжатты бердім, сөйтсем олар да байқамаған. Мерзімінің бітуіне 3 ай ғана қалғанын Стамбулдың әуежайында бір-ақ білдік. Мені тексеру бөлмесіне алып кетті, жанымдағы әріптестерім ары қарай ұшты. Әбден тексеріп, Қазақстанға қайтаратын болды. Күту залында отырсам, әуежай қызметкерлері маған гамбургер алып келді. «Қонақты осылай күтесіңдер ме?» - деп қалжыңдай салған едім, біраздан кейін первый, второй, салаты бар, әдемілеп тұрып тамақ алып келіпті. Келген соң әріптестеріме айтып берсем, «Біз сені уайымдап жүрсек, жағдайыңды жасап қойыпты ғой» – деп күлді».