kz Блог

«GALANZ bottlers» ақ негізін қалаушы

Қызметкерлер

МЕН - АҚСАУСАҚ ЕМЕСПІН

Мен кәсіпті өзім жалғыз бастадым. Қазіргідей ұжым ол кезде жоқ. Өзім су құйдым, бөтелкелерді тазаладым, әрбір клиентке өзім жеткіздім. Астымда «жигули-девятка», оған 20 бөтелке сыйғызатынмын. Көлігіме бөтелкелерді тиеп, тапсырыс берген үйлерге апарам. Мен ешкімнен ұялған жоқпын, себебі мен өзім үшін және кәсіпті ары қарай дамыту үшін жұмыс істедім. Достарымнан: «Мен су өндіру кәсібімен айналысып жүрмін, мені қолдайсыңдар ма?» - деп сұрадым. Олар көмектерін аяған жоқ. Қытайдан диспенсерлер алып келіп, әрқайсысын 4 доллардан саттық. Алғашқы айда 400 бөтелке саттым, одан кейін 1000, 2000, солай ай сайын көбейе берді. Уақыт өте келе маған команда керектігін түсіндім. Осылайша, 1998 жылы «Хрустальная» деген атаумен су өндіре бастадық.

БӘРІ ЖАСМИН ҚОСЫЛҒАН КӨК ШАЙДАН БАСТАЛДЫ

Мен Қытайға жиі баратын едім, барған сайын бал мен жасмин қосылған салқын көк шай ішетінмін. Маған оның дәмі қатты ұнайтын. Бір күні «Неге Қазақстанда осындай шәй жоқ?» - деген ойға келдім. Армандап қоя салу жеткіліксіз ғой, әрекет ету керек, білім алу керек. Мен осы салада ары қарай іздене бастадым. Таныстарым арқылы суық шай өдіретін қытайлық компанияның жұмысымен танысып, олармен байланыс орнатып, жарты жыл бойы келіссөздер жүргіздік. Нәтижесінде сол жақтан құрылғыларды алатын болып, келісім-шартқа қол қойдық. Мен пластикалық бөтелкелер, шикізат, хош иістер, әртүрлі қоспалар жайлы мүлдем еш нәрсе білмейтінмін. Оқып, үйрену үшін жылына 12-16 рет Қытайға барамын. Сол жерде алғаш рет қытайлық технологтармен танысып, бірге жұмыс жасайтын болып келістік.
Алғашқы жасаған пластикалық бөтелкелер есімде, олардың 20% -ы жарамсыз болып шықты. Сусынды бөтелкелерге құйған күн де есімде. 2004 жылдың 24 маусымы болатын. Сол күні ең алғаш рет «Маxi Чайды» шығардық. Бірінші партияның дәмі сұйылтылған сусабын сияқты болды (күледі). Ішуге жарамды, бірақ оған тым көп хош иістендіргіш қосып жіберген. Кейіннен дәмін дұрыстадық. Алғашқы партияны 3 миллион теңгеге саттық. Сол кез үшін ол қомақты ақша еді.
Бізге дейін ешкім лимон қосылған көк шай шығармаған еді, алғашқы болып бастадық, дәмі бәріне ұнады. Бір кездері маған қатты ұнайтын жасмин қосылған көк шайды да шығарған едік, бірақ халық қабылдамады. Қауын, қарбыз, жапондық жөке, раушан гүлі дәмімен түрлі шайлар дайындадық. Шайдың түрлері көп болса, көбірек сатамыз деп ойладық, бірақ олай емес екен. Қазіргі таңда тек халыққа ұнаған, халық қабылдаған дәмдер ғана қалды.

«МАXI ЧАЙДЫҢ» АТАУЫ «ЧАЙ ТЕТУШКИ БЕТТИ» БОЛУЫ МҮМКІН ЕДІ

Өнімді шығарардың алдында, біз жарнамамен айналысатын компанияға хабарластық. Олар бізге этикетканың дизайнын, компанияның жарнамалық тұжырымдамасын, атауына қатысты түрлі ұсыныстар дайындап берді. Қателеспесем, атауына қатысты 20 шақты ұсыныс болды. Мәселен, «Чай тетушки Бетти», «Алтын дала чай», т.б. Көп ойланбастан, қызметкерлер арасында сауалнама жүргіздік. Соның нәтижесі бойынша көпшілік «Маxi Чай» атауын таңдады.
Мен не нәрсеге қуанатынымды білесіздер ме? «Махi Чай» әрдайым аз! Біз оны қанша өндірсек те, сұраныс әрқашан ұсыныстан асып түседі. Әсіресе, жаз айларында жетпей жатады, бірден сатылып кетеді. Биыл біз өнімді едәуір арттырдық, бірақ сонда да тапшы. Болашақта өнімділікті тағы да арттыру қажет.

100 МИЛЛИОН НЕСИЕ

2004 жылы Алтай-2 шағын ауданында алғашқы зауыт салынды. Екіншісін 2007 жылы Сүйінбайдың бойынан салдық. Үш жылдан кейін бір зауытты қарызға сатып алдық. Үш зауытты құрылғылармен, зертхана, маман, көліктермен қамтамасыз ету өте қиын болды. Бар проблеманы шешу үшін миымыз сан саққа бөлінетін. Мен сол кезде барлығы бір жерде болу керектігін түсіндім.
Біз бизнес жоспар жасап, банкпен келіссөз жүргізе бастадық. Жаңа зауытты тұрғызу үшін бізге 100 миллион доллар қажет болды. Банк бізге 17% -ға несие рәсімдеуге келісім берді, оның 6%-ын мемлекет төлейтін болды. Жер алдық, цех тұрғыздық, құрылғылар сатып алдық, коммуникация жүргіздік, солай тез-ақ жарты жылдың ішінде ақшаны жұмсап тастадық. Енді менде ұйқы жоқ. Несиеге батып отырсаңыз, ұйқы қайдан болсын, проценті күн сайын есептеліп жатыр, ал өндіріс әлі іске қосылған жоқ. Сөйтіп әбден әбігерге түсіп, зауытты 6 айда салдық. Тағы екі айдан кейін сусындар шығара бастадық. Осылайша, барлық құрылғыларды бір жерге жинап, кәсіпорынды оңтайландырдық.

КЕРІ ОСМОС ТЕХНОЛОГИЯСЫ СУДЫ МІНСІЗ ЕТЕДІ

Әр жердің суы әртүрлі. Мәселен, батыста тұзды, орталықта аз-кем түсі мен иісі бар, бір жерде қатты, бір жерде лай болады. Ал біздің өнім үшін тұнық, таза су керек. Ондай суды тек кері осмос технологиясы арқылы алуға болады. Кері осмос сүзгісінің жұмыс істеу принципі су жасушаларын мембрана арқылы өткізуге негізделген. Мембрана тек оттегі мен су жасушасын өткізеді, қалған зиянды қоспалар өтпей қалады. Нәтижесінде су көптеген органикалық ластаушы заттардан, микроорганизмдерден, сондай-ақ бейорганикалық иондардан тазартылады. Алғашында мұндай жүйе ғарыш кемелерінде пайдалану үшін ойлап табылған. Ғарышкерлер өзімен бірге тонналап су ала алмайды, сондықтан кемедегі сұйықтық қайта өндіріледі. Қазіргі таңда кері осмос технологиясын коммерциялық мақсатта пайдаланады. Суды таза әрі сапалы етудің бірден бір жолы осы

КӘСІПОРЫННЫҢ ЖЕТІСТІГІ – ҰЖЫМНЫҢ ЕҢБЕГІ

Қазір компанияда 1800-ге жуық адам жұмыс істейді. Біздің қызметкерлердің көпшілігі «Galanz bottlers» компаниясына бір орналасып, содан ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқандар. Әр қызметкер жұмыста 100%-ға беріліп істеуі үшін әуел бастан-ақ тиісті жағдай жасауым керек болды.
Біздің ұжымның бірінші ұстанымы – адалдық пен тұрақтылық, екіншісі – үнемі өсу мен дамуға деген ұстылыс, үшіншісі – әрбір қызметкерге деген қамқорлық. Тек осы жағдайларда ғана тату ұжым жинақтап, маманның жұмысқа деген қызығушылығын арттыруға болады.
Несколько лет назад был случай. Мы взяли на работу очень худого парня. Рекомендации были не лучшими, раньше его увольняли за злоупотребление алкоголем. Мы дали шанс, он начал работу, но все время ходил хмурый. Однажды я подошел к нему и прямо спросил, в чем дело, кто его обижает. Оказалось, что он мучается от зубной боли, ни одного здорового зуба во рту, и пьет, чтобы заглушить боль. И мы за счет компании вылечили и вставили ему зубы, отучили пить спиртное, женили.
Мен әрбір қызметкер үшін уайымдаймын, олар үшін менің есігім әрдайым ашық. Біздің мекемеде сенім телефоны да бар, соған хабарласып олар өз тілектерін, сұрақтарын, шағымдарын айта алады. Менің ойымша, ұжымдағы әрбір адам өзіне деген қамқорлықты сезінсе, компанияға да дәл солай жауапкершілікпен қарайды. Зауыттың дәл кіре берісінде «Кәсіпорынның жетістігі – ұжымның еңбегі» деп жазылған. Бұл - біздің ұйымшыл ұжымның философиясы.

МАҚСАТЫМЫЗ – КӨШБАСШЫЛАРДЫҢ ҮШТІГІНЕ ЕНУ

Біздің болашаққа үлкен жоспарларымыз бар. Мақсатымыз - алкогольсіз сусындар өндірісінде үздік үштікке ену. Бүгінгі таңда суық шай өндіруден біз көшбасшымыз, ал жалпы сусындар бойынша үздік бестікке енеміз. Бұл жетістікпен тоқтамаймыз, қазір ары қарай дамуды қолға алдық. Болашақта Ресей, Өзбекстан, Түрікменстан сияқты елдердің нарығын бағындырғымыз келеді. Биыл халықтың сүйікті сусыны«Махi Чай» 18 жасқа толды. Келесі жылы «Galanz bottlers» компаниясының 25 жылдық мерейтойын атап өтпекпіз. Бұл біз үшін тек мереке емес, дамудың келесі кезеңі. Жаңа мақсат пен идея көп, олай болса, біз дамылсыз жұмыс істейміз...