«ЕЛГЕ МАXI ЧАЙ КЕРЕК»
Зауыт – оңай жұмыс емес. Қызу жұмыстан бір сәт те алшақтауға болмайды. Бас инженердің орынбасары Еділ Шоғанбекұлынан сұхбатты өндіріс алаңынан алуға тура келді, себебі зауытқа Италиядан жаңа өндірістік құрылғылар келіп, шет елдік мамандар оқу-жаттығу жұмыстарын өткізіп жатыр екен.
- Біздің компания жаңа технологиялық линия алды, - деп бастады әңгімесін Еділ Шоғанбекұлы. Ол линияның ерекшелігі екі түрлі технологиямен сусын құяды, салқын газдалған сусындар және ыстық тәсілмен құю. Құрылғылар әлемдегі алдыңғы қатарлы «Sidel» компаниясынан шығады. Техника саласының білікті мамандары Италиядан, Франциядан, Тайваннан, Ираннан, Грециядан арнайы келіп біздің қызметкерлерді арнайы оқытады. Техникамыз талапқа сай жұмыс істесе, қызметкерлер әрдайым біліктілігін арттырып отырса, компаниямыздың өнімі де сапалы болмақ.
Еділ Шоғанбекұлы 2006 жылы «Galanz bottlers» компаниясына жұмысқа тұрғанда жасы жиырмадан асқан желең жігіт еді, енді міне қырықты еңсерген ел ағасына айналды. Зауытта білген-түйгенін жастарға үйретіп жүр. Ең алғаш жұмысқа тұрған күнді де дәл кеше болғандай есіне түсірді.
- Жұмыс жайлы жарнамадан білдім, ол кезде аспирантурада оқимын, жұмыс іздеп келдім. Бірінші жұмысқа келген кезде мені Сергей Константинұлы ол кісі сол кезде термопласт автоматтарының цех басшысы болатын, сенде тәжірбие жоқ деп цехқа алмады. Чай құю цехына қызметкерлер керек екен, кадрлар бөлімі мені сол жаққа жіберді. Алғаш келген күннен бастап мен өндіріс құрылғыларына қызықтым. Істеп көргім келді. Басқа зауыттарға қарағанда, «Galans bottlers»-те, үрлемелі (выдувной) машина болды. Сол құрылғыға қатты қызықтым, себебі ол Еуропадан әкелінген еді. Дәл сол кезде шет елдік иномарка көліктердің елімізге жаңадан келіп жатқан кезі, оған дейін бәрі жигули мініп жүрген. Бұл құрылғы да маған сол иномарка сияқты қызық болды. Бізге оны ешкім үйреткен жоқ, себебі жаңадан келіп жатқан құрылғының қыр-сырын әлі ешкім дұрыс білмейді. Кітаптан оқып, ішін ашып, қайта құрап, бәрін өзіміз үйрендік.
Ауыл шаруашылығы институтында инженер механик мамандығын бітірген жас маман өндіріс орнынан өз орнын тауып, ұзақ жылдар бойы қажырлы еңбек етіп, өзгелерге үлгі бола білді. Еселі еңбегімен, сабырлы мінезімен, асқан жауапкершілігімен ұжымға сыйлы бола білді. Мансабы өсіп, 2010 жылы бас механик болды. Кейіннен 2017 жылы бас инженердің орынбасары болып тағайындалады.
- Зауыттың жүрегі – техника. Құрылғысыз сусындарды әзірлеу мүмкін емес. Қазіргі заманауи құрылғылар барлық дүниелерді автоматтандыруға мүмкіндік береді. Техниканың дамылсыз жұмыс істеуін біздің ұжым қадағалайды. Уақытылы диагностика жасайды, саймандарға тапсырыс береді, әрбір құрылғының жұмыс істеу мүмкіндігін айқындайды. Өндірісте барлық процесс бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан ұжымымыз да ұйымшыл бір отбасы сияқты. Жұмысқа менімен бірге келген бойдақ жігіттер болды. Олар өмірлік жарын да жұмыс орнында кездестіріп, жанұялы болды. Сол жігіттердің бәрінің отбасыларымен араласып тұрамыз. Жұмыс барысында біз әріптеспіз, әркім өзінің жұмысын біледі, жұмыстан тыс уақытта біз бір-бірімізге демеу болып, дос болып араласамыз. Біздің ұжымда өзі сондай бұлжымас қағида бар, өзіміз соны ұстанамыз.
Әріптестердің ауызбіршілігі кәсіпорынды үлкен жетістікке жетелейді. Сізді әрдайым түсінетін орта, қолдайтын, демеу беретін ортаның болуы әрбір маман үшін маңызды. Қазіргі таңда «Маxi чай» брендінің елімізге танымал болып, халықтың сүйікті сусынына айналуына тікелей әсер етіп отырған да осы орта. Ұжымдағы ортаның толып жатқан қызығы мен шыжығы өз алдына бөлек әңгіме.
- Біздің жаргондар бар өзіміздің. Бізде қақпақты стерилизацияжасайтын құрылғы бар, оны «камчатка» деп атайды. Алтай зауытында сол құрылғыда отырған оператор бар жаңалықтан құр қалып жүргендіктен, «Камчаткады тұратын сияқтысың» деп күлетінбіз. Кейін сол құрылғыны да «камчатка» деп атап кеттік. Жұмыс – уақытыңның басым бөлігі өтетін жер болған соң, оны жан-тәніңмен жақсы көріп, бар көңіліңмен қалап істеуің керек. Ұнатпай, амалсыздан жұмыс істейтін адам ұзаққа бармайды. Талай рет тойда отырған жерімнен костюм-шалбармен жүгіріп келіп, істен шыққан құрылғыны жөндеген кездерім болған. Жұмыс бір сәтке де тоқтамау қажет, себебі «Елге «Махі Чай» керек!