Нұрберген Омарқұлов
Шу қаласының супервайзері
Шу қаласының супервайзері
2008 жылы «GALANZ bottlers» компаниясына жүргізушілік қызметке келген Омарқұлов Нұрбергенге сауда өкілі болу бұйырады.
«Сауда өкілі деген мамандық жайлы бұған дейін білген де, естіген де жоқпын. Бұл қызметте үнемі адамдармен сөйлесу ұнады, жас күнімде көп сөйлейтін едім. Бірақ орыс тіліне шорқақ болдым. Саудагерлердің көбісі орыстар болатын. Мен акцентпен сөйлеймін, олар менің сөйлегенімді қызық көріп, күлетін».
«Кез-келген жұмысты бағалай біл, еңбек етуден арсынба» – деп, жастайынан әжесінің айтқан өсиеті осы уақытқа дейін әріптесіміздің өмірлік ұстанымына айналып, жетістікке жетуге септігін тигізген болу керек. Нұрберген 16 жылдан аса бір жерде тапжылмай адал қызмет етіп, супервайзер лауазымына дейін мансабы өседі. Бірақ оған дейін жұмыстың талай қызығы мен шыжығы басынан өтеді.
«Дүкенге кірсем, магнитафонның дауысын қатты шығарып қойған екен. Сатушы жұмысына сондай кірісіп кеткен, амандассам, тіпті, маған мән бермейді. «Тәте, күшті өлең қойып қойыпсыз. Билейік?» - дедім, қалжыңдап. «Билейтін уақытым жоқ, өзің биле!» – деді. «Жақсы мен рэп билеп берем, сіз 10 упаковка «Sevens» аласыз дедім. Солай келістік те, дүкенде тұрып биледім».
Әріптестеріміздің осындай сегіз қырлы, бір сырлы қабілеті жұмысты оңтайлы жүргізуге септігін тигізіп, барынша сауда-саттықты арттырып келеді.
«Мен жұмысқа кірген жылы, 2012 жылы біз 500 тонна сататынбыз. Қазір біз 2 млн 200 тонна сатамыз. Саудамыз жыл сайын дамып келеді. Шу қаласында 245 дүкен бар. «Мир Фейк» деген ерекше дүкеніміз бар. Ол дүкеннің ерекшелігі «Maxi Чай»-ды бірден қолма-қол ақшаға сатып алып, ауылдағы дүкендерге қарызға жібереді. Бірден пайда көрмейді, бірақ сонда да өте көп мөлшерде сатып алады».
Компания Нұрбергеннің еселі еңбегі мен жылдар бойғы адалдығы үшін Nexia көлігін сыйға тартады. Міне, бұл нағыз еңбектің бағаланғаны! Қызмет бабында қабілетін арттыруға мүмкіндік беріп жатқан компания басшылығына Нұрбергеннің де алғысы шексіз.