Үздіксіз даму – үлкен жетістіктердің кепілі. Абитхан Досмайылов - «GALANZ bottlers» компаниясында цех бастығының орынбасары. Жылдар бойы адал қызмет етіп, кішігірім қадамдар жасау арқылы биік мансапқа жетті.
«Әлі есімде, 2007 жылы тамыз айында ең алғаш жұмысқа жүк тиеуші болып орналастым. Жарты жылдан кейін Алматыда қалып, осы жұмысты жалғастыратынымды түсіндім. Бірақ ары қарай даму керек деп ойладым. Біреу жұмысқа шықпай қалса, маман жетіспей жатса, мен кез келген адамның орнына жүре беретін едім. Сусынды құю, орау, тиеу сияқты зауыттағы жұмыстың бәрін істеп көрдім. ТПА реттеушісінің көмекшісі болдым. 13 жыл механик болып қызмет атқардым».
Қазіргі жастардың көбісі бірден бастық болсам, табысым көп болса деп армандайды. Біздің кейіпкеріміз жан-жақты тәжірибе жинап, қызметтің әрбір сатысынан көтерілген мансап бағалырақ дейді. Әріптестеріне сыйлы азамат сүйіктісімен де қызмет орнында танысып, қазығы берік шаңырақ көтеріп, төрт бала тәрбиелеп отыр.
«Жолдасым студент кезінде бракёр болып жұмысқа келді. Мен механикпін. Екеуміз цехта таныстық. Ең қызығы той қонағының тең жартысы әріптестер болды. Компаниядан жүзден аса адам келіп, біздің қуанышымызды еселеді».
Биыл Абитханға басшылық сенім артып, цех бастығының орынбасары етіп тағайындады. Алда алар асулар көп. Қол астындағы қызметкерлерді жігерлендіріп, маңызды мәселелерді бірге шешіп, өнімділікті арттырып жүр.