Әділет Қалдыбекұлы
аумақтық менеджер
аумақтық менеджер
Жетістік бір күнде келмейді. Ол – табандылықтың, адал еңбектің және өз ісіне деген шынайы сүйіспеншіліктің жемісі. Астана қаласының аумақтық менеджері Әділет Қалдыбекұлының еңбек жолы осының айқын дәлелі.
«Еңбек жолымды 2014 жылы Тараз қаласында сауда өкілі болып бастадым. 2022 жылы отбасыммен бірге Астанаға көшіп, еңбек жолымның жаңа кезеңіне өттім. Алдымен сауда өкілі, кейін супервайзер қызметін атқарып, бүгінде Астана қаласының аумақтық менеджері қызметін абыроймен атқарып келемін. Әрбір жаңа қадам кәсіби тұрғыдан өсуге мүмкіндік берді».
Астанаға қоныс аудару оңай болған жоқ. Жұмыс орнын ауыстыру үшін жарты жыл күтуге тура келді.
«Алдымен отбасымды көшірдім. Өзім бірден жұмыстан ауысуға мүмкіндік болған жоқ. Біраз уақыт екі қаланың арасында жүріп, жұмыс істеуге тура келді. Басқа компанияға ауысу туралы ойлаған жоқпын. Себебі болашағымды GALANZ bottlers компаниясымен ғана байланыстырдым».
Әділеттің ең үлкен мотивациясы – отбасы. Төрт қызының жарқын болашағы мен бақыты оны алға жетелейтін басты күш. Оның көпшілік біле бермейтін тағы бір қыры – студенттік шағында қазақша КВН ойындарына қатысып, сахнада өнер көрсетуі.
«Студенттік жылдары «Тараз-2000» командасының құрамында өнер көрсетіп, республикалық жобаларға қатыстым. Кейін КВН-нің негізін қалаған тұлға Есен Елеукенмен кездесудің сәті түсті. Әңгіме барысында ол менің жұмыс орнымды біліп, Жайдарманға демеушілік көрсету мүмкіндігін сұрады».
Әділеттің бастамасымен және компания басшылығының қолдауымен бүгінде компания Жайдарман ойындарының үшінші жыл қатарынан демеушісі болып келеді. Кезінде өзі қанат қаққан ортаға қолдау көрсету – оның игі бастамаларының біріне айналды. Әділет үшін нағыз жетістік – адал еңбек етіп, отбасының бақытына тірек болып, қоғамға пайдасын тигізу. Осы құндылықтар оның өмірлік жолына бағыт-бағдар беріп келеді.