kz Блог

У меня в жилах вместо крови течет «MAXI Чай»

Қызметкерлер
Біздің бүгінгі кейіпкеріміз - Әлия Бейсенбаева. Ол "GALANZ bottlers" компаниясында 16 жыл ішінде 10 шақты лауазым ауыстырды. Әрбір лауазым жаңа жетістіктерге жетелеп, бір орныңда отырып қалмай кез келген жұмысқа білек сыбана кірісуге мүмкіндік берді. Әлия жаратылысынан өте белсенді, іске шапшаң, позитивті, жауапкершілігі мол жан. Жоспарлаған мақсатқа қол жеткізіп, соңғы нәтижесіне қуана біледі.

«Мен 2006 жылы жұмысқа тұрдым. Ол кезде 3-курс студентімін. Алдымен мен шай құю цехында оператор болдым. Бұл компанияда уақытша жұмыс істеймін деп ойладым. Бір жылдан кейін диспетчер болдым. Әлі есімде диспетчерлер арасында «Кім көп өтінім қабылдайды?» деген байқау өтті. Байқауды жеңу үшін өзіме 2 телефон қойдырып алдым. Қоңырауларға үздіксіз жауап беріп, жеңіске жетуді мақсат тұттым. Нәтижесінде мен ең көп, шамамен 300 қоңырауға жауап беріп, бұрын-соңды болмаған рекорд орнаттым».

Позже Алия работала в отделе кадров, комендантом, в коммерческом департаменте бухгалтером-реализатором, начальником доставки, администратором, директором ТОО «Адал су». В данное время Алия является старшим комендантом в «GALANZ bottlers».

"Мен жұмыстан қорықпаймын. Маған үнемі жаңа нәрсемен айналысқан ұнайды. Біздің компанияда барлық бастамаларды қолдайды. Сіздің қолыңыздан келеді, істеп көріңіз деп жігерлендіріп, ынталандырады. Сондай қолдаудан кейін қалай істемейсің? «GALANZ bottlers» компаниясында жұмыс істеу мен үшін үлкен тәжірибе, бойымдағы көшбасшылық қабілеттерді дамытуға мүмкіндік берді. Енді осы жерден тек зейнетке шығатын шығармын. Кейде тамырымда қан емес, «Maxi Чай» ағып жатқан шығар деп қалжыңдаймын».

Әлия ұзақ жылдар бойы компанияға адал қызмет еткені үшін биыл алтын медальмен марапатталды. Қажырлы еңбекке лайықты марапат деп білеміз!