Таныс болыңыздар, біздің тағы бір батырымыз – Еркебұлан Қаржаубаев. Бұрынғы полиция лейтенанты, қазір біздің компанияда супервайзер болып жұмыс істейді. Бір кездері оның ерлігі жайлы барлық жаңалықтар жарыса жазды. Ол суицид жасамақ болған әйелді құтқарды.
"Сол сәттегі мақсат – құтқару болды. Біз жоғарғы қабатқа көтерілдік, маған ТЖД қызметкерлері қауіпсіздік белбеуін тақты. Әріптесім пәтердің есігін қағып, әйелдің назарын аударды, мен ашық тұрған терезеден төменгі қабатқа түстім. Келіншек қайтадан терезеге жүгірді, бірақ мен оған секіруге жол бермедім. Ең бастысы жоспарымыз іске асып, әйелді аман алып қалғанымыз қуантады".
Еркебұлан өзінің іс-әрекетін ерлік деп санамайды. Себебі ата-анасы бала кезінен адамгершілік, жауапкершілік, жанашырлық қасаиеттерін бойына дарытып тәрбиелеген. Сондай-ақ, өлім мен өмірдің арасында тұрған жанға қол ұшын созу қызметтік борышы деп санайды. Қас-қағым сәтте қорқыныш сезімін жеңіп, батыл әрекет ету оңай емес.
«Біраз уақыт органда қызмет еткеннен кейін бұл жұмыс менікі емес екенін түсіндім. Себебі бозбала кезден сауда жасағанды ұнататынмын. Кейін «GALANZ bottlers» компаниясына жұмысқа тұрдым, кәсіби тұрғыдан дамыдым, өстім. Менің міндетім - тұтынушыларға біздің өнімді сатып алудың артықшылықтарын түсіндіру, мотивация беру. Сүйікті ісім мені әрдайым жігерлендіреді».