kz Блог

БІР КҮНДЕ 7 МЫҢНАН 370 МЫҢҒА ЖЕТКЕН ТП

Қызметкерлер
ДҮБЕКОВ ӘДІЛ ЖҰМАНҰЛЫ
Алматы қаласының аймақтық менеджері
Өмірдегі миссиясын ІT саласынан емес, коммерция бөлімінен тапқан әріптесімізбен таныс болыңыздар: Алматы қаласының аймақтық менеджері – Әділ Дүбеков.

«Мен Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін ІT мамандығы бойынша бітірген едім. Ең алғаш рет компанияға IT бөліміне орналасу үшін келдім. Кадрлар бөлімінен шығып бара жатып, таныс жігітті кездестірдім. Ол өзінің осы компанияда сауда өкілі болып жұмыс істейтінін айтты. Мен бірден: «Айлығың қанша?» - деп сұрадым. Дәл сол уақытта үй салып жатқаннан кейін, қандай айлық алатыным маңызды болды. Екі айлықты салыстырып, қайтадан кадрлар бөліміне барып, сауда өкіліне бос орын бар екенін біліп, сол қызметке сұрандым. Басшылықпен сұхбат сәтті өткеннен кейін мені жұмысқа қабылдады».

Өз ісіне мығым, талапшыл, айтқан бетінен қайтпайтын әріптесіміз жұмысқа орналасқан алғашқы айда-ақ өте жақсы нәтиже көрсете бастады.

«Ең бірінші рет жұмысқа шыққан күні 7 мың теңге алып келдім. Кешкісін бәрі жиналып сол күннің қорытындысын шығарған кезде әріптестерім күлді. «Кім ол 7 мың теңге алып келген?» – деп. Мен сол күні 35 дүкенді араладым соның ішінде үшеуі ғана өтініш берді. Келесі күні 370 мың теңге алып келіп, бәрін таң қалдырдым».

Әділ Жұманұлы тек өзіне ғана тиесілі міндетті атқарып қана қоймайды, жан-жағына қол ұшын беріп жүреді. Супервайзер болып жүрген кезде жүргізуші болып, жүк тиеуші болып кез-келген жұмысты арланбай атқара беретін.

«Бір рет жүргізуші болмай, өзім рульге отырдым. Көлікке отырған кезде тежегіш дұрыс істемей тұрғанын сезіп, механикке айттым. Ол: «Еш уайымдама, бәрі жұмыс істеп тұр» - деді. Қоймадан шықаннан кейін 3-ші жылдамдыққа салайын деп тежегішті бассам, істемейді. Жігіттерге айтсам, олар қалжың деп ойлапты, не істерімді білмей әбден састым. Бір кезде көліктің каробкасы түсіп қалады, сол кезде жылдамдық ақырындай түсті. Алдымызда автобус келе жатқан, барып соған соғылдық. Құдайға шүкір, аман қалдық. Механик кінәсін мойындағысы келмеді, дегенмен тексеру барысында, көліктің тежегіші істемей тұрғаны дәлелденді».

Әділдің «GALANZ bottlers» компаниясында адал қызмет етіп келе жатқанына биыл 10 жылдан асты. Жұмысына жан-тәнімен берілген әріптестесімізді біз әрдайым үлгі тұтамыз, мақтан етеміз.