kz Блог

ҚАНТСЫЗ «МАХІ ЧАЙ» КЕРЕК ПЕ?

Қызметкерлер
Кебиров Хамра Заютұлы
3 санаттағы купаж операторы
«Махi Чай»-дың «фирменный вкусына» жауап беретін маманмен таныс болыңыздар, купажист – Хамра Кебиров. Ол – 18 жыл бойы сүйікті сусынымыздың теңдессіз дәміне елеулі үлес қосып, жан-тәнімен беріле жұмыс істеп келе жатқан жан.

«Махi Чай»-да жұмыс істеу бала күнгі арманым еді. Менің ағам 2000 жылы осы зауытта жұмыс істеген, мен ол кезде 8-сынып оқушысымын, ағамның жұмысына қызығып, осы жерде жұмыс істесем ғой деп армандайтын едім. Бес жылдан кейін сол ағам арқылы мен де жұмысқа тұрдым».

Әуелде кез-келген жұмысқа белсене кіріскен пысық жігіт уақыт өте келе жүрек қалауымен купажист болады.

«Алғашында жұмысқа разнорабочий болып кірген едім, сосын оператор, механик болып жұмыс істеп көрдім. Кейіннен шай дайындау бөліміне ауыстым. Өзіме жұмысым қатты ұнайды, әйтпесе 18 жыл ұнамаған жерде жұмыс істеу мүмкін емес қой! «Махi Чай»-дың 18 жылдығында медаль тақтым. Сол кезде кәдімгідей еңбегімнің бағаланғанын сезіндім».

Әр жұмыстың өз қызығы мен шыжығы болады. Хамра да жұмыстағы естен кетпес оқиғасымен бөлісті.

«Таңғы 7.00 шамасы, біздің ауысым шай дайындап жатқан уақыт. Қасымдағы әріптестеріме дайындай беріңдер деп, өзім киім ауыстыратын бөлмеге шығып кеткен едім, келген кезде бірден автоматты қостым. Сөйтсем, шайға қант салынбаған екен, естіген кезде төбе шашым тік тұрды. Сонша жылдың ішінде бірінші рет үлкен қателік жіберіп, түсініктеме жазған кезді еш уақытта ұмытпайтын шығармын».

Қыздарға құлаққағыс ретінде айтайық, еңбекқор, талапшыл әріптесіміз Хамраның басы бос. Аяққа тұрған, қызметте мол тәжірибе жинаған білікті маманның ендігі мақсаты – сүйіктісін кездестіріп, берекелі, өнегелі отбасын құру. Әріптесімізге өмірлік қосағын тауып, шаңырақ көтеруіне шын жүректен тілектеспіз!