kz Блог

«GALANZ BOTTLERS» КОМПАНИЯСЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕУ – МЕНІҢ АСЫЛ АРМАНЫМ ЕДІ

Қызметкерлер
Армансыз адам болмайды. Әркімнің жүрегінде өз арманы бар. Адамның асыл арманы оны алға жетелеп, болашаққа бағдар жасайды. Бірақ бәрі бірдей арманына жете бермейді. Оған да қайсарлық керек. Осы тұста өзгелерге үлгі боларлық Бегімбетова Алманың оқиғасын баяндағымыз келеді. Алмы Бегимбетовой.

«GALANZ bottlers» компаниясы жайлы мен бұрыннан білетінмін. Осы жерде жұмыс істесем ғой деп армандайтынмын. Екі жыл бойы қайта-қайта түйіндеме жіберіп отырдым. Headhunter сайтында үнемі бос орындарды қадағалап отырдым. Бірақ қанша талпынсам да, компаниядан ешкім хабарласпайтын. Соңғы рет компанияға жүргізуші, сату өкілі, тасымалдаушы қажет екенін көріп, барлық позицияларға түйіндемемді жібердім. Менің құлшынысым назардан тыс қалмады! Келесі күні компаниядан қоңырау шалып: «Кім болып жұмыс істесеңіз де, сізге бәрібір ме? Негізінен сізді қандай позиция қызықтырады?» - деп сұрады. Мен бірден: «Жоқ, маған бәрібір емес. Тек сіздердің компанияда жұмыс істегім келеді. Егер маған лайық жұмыс болса, сұхбатқа шақырсаңыздар қуана-қуана барар едім» - деп жауап бердім. Ертең сұхбатқа қай уақытқа келе аласыз деп сұрады, мен бірден ертенге қалдырмай бүгін барайын дедім. Осылайша, 2 сағаттан кейін мен компанияда болдым».

Алма сол кездері «Қазпошта» акционерлік қоғамында қызмет ететін.Ол белсенділігімен, табандылығымен, өжеттілігімен көзге түсті. Бірақ, өкінішке орай, дәл сол уақытта бірден жұмысқа орналасу мүмкін болмады.

«Сұхбаттан кейін күттім, бір айдан кейін хабарласып, үйлестіруші лауазымына қызметке шақырды. Екі ай жұмыс істегеннен кейін коммерциялық директордың көмекшісі қызметіне тағайындады. Мен «GALANZ bottlers» компаниясының өкілі болғаныма ризамын. Өткен жылға мың алғыс, менің арманым орындалды».