Бақыт Телбаев
электрик
электрик
Жарықсыз өмір жоқ, ал «GALANZ bottlers» компаниясында Бақыт ағасыз жарық жоқ. Өндіріс саласын электр қуатымен қамтамасыз етуге бар күш-жігерін салатын электрик Бақыт Телбаевпен таныс болыңыздар.
«Өмір бойы электрик болып жұмыс істеп келемін. Қазақстанның барлық қалаларында жұмыс істедім. 2010 жылдан бері «GALANZ bottlers» компаниясындамын. Өндірісті тоқтатуға болмайды, сондықтан түнде де жұмыс істейтін кездер болды».
Бақыт аға - өз жұмысының фанаты. Былтыр зейнетке шықса да, әлі де жұмыс істеуге қауқарым жетеді дейді. Tоқпен жұмыс істегендіктен, талай рет өміріне қауіп төнген сәттер де болды.
«Баяғыда тоқ ұрғаннан столбыдан бірақ құлаған кезімді ешқашан ұмытпаспын. Жауынды күні жарық жүргізу керек болды. Белбеуімді тартып столбыға шықтым, сымды жалғап жатқан едім, тоқ ұрды. Қолымды тартып қалдым, содан сырғанап жерге бірақ түстім. Екі аяғымның сандары қызарып кетті. Ол кезде 26 жаста едім. Сол оқиға өмір бақи сабақ болды. Кейін тағы бір жағдай болды. Әріптесімнен «Тоқты өшірдің бе?» – деп сұрадым. Ол өшірдім деген соң, оның сөзіне сендім де, кілтті алып щитқа кірдім. Кілт екі фазаға бірдей жарқ етті де, автомат бірден өшіп қалды, шок болдым. Сол кезде тағы бір тоққа түстім. Одан кейін ешкімнен сұрамайтын болдым, өзім барып өшіріп, өзім барып тексеремін».
Бақыт мырзаның басына қысылтаяң күн туған кезде қол ұшын созып, қолдау көрсеткен де әріптестері еді.
«Алдыңғы жылы көзім көрмей қалды. Кейде амандасқан адамдарды танымай қалып жаттым. Жұмысқа келіп айттым, мынау болмайды екен, мен жұмыстан шығайын деп. Әр түрлі дәрігерлерге барып, тексеріп, қаратып едім, ешкім ешқандай нәтиже бере алмаймыз деді. Коновалов атындағы клиникаға бардым, ота жасап көрейік деді. Отадан кейін, аллаға шүкір көзім 95 % көрді. Сол кезде қатты қуандым. Ұжымым ақшалай көмектесті. Бәріне рақмет!»