kz Блог

«ЕЛЬЦИН» мен «МАТЬ ТЕРЕЗА»

Қызметкерлер
Ерсин Менлибаев
шебер-механик

Биыл «GALANZ bottlers» компаниясы өзінің 25 жылдық мерейтойын атап өтпекші. Компанияның бастауында тұрған, құрылуына ат салысқан азаматтардың еңбегі біз үшін қашан да бағалы. Шебер-механик Еркін Меңлібаевпен таныс болыңыздар.

«2003 жылы дәнекерлеуші болып жұмысқа тұрдым. Ол кезде қазіргідей зауыт жоқ. Тұрсынғали Тұрымұлымен бірге Қытайға бардық, сол жақтағы ірі компанияларды араладық. Танысу кезінде қытай азаматтары менің атымды дұрыс атай алмай «Ельцин» деп атап кетті. Солай мен президент болдым"

Қытайдан сатып алынған құрал-жабдықтарды Ерсін өзі орнатып, сызбаға қарап құрастырып, жөндеуден өткізді. Ерсін мырза жұмысқа жанымен берілген, осы күнге дейін ешқашан бас пайдасын ойлаған емес. Адамгершілік ары таза азамат әріптестеріне де сыйлы.

«Бір кездері бас инженер отбасылық себептермен жұмыстан шығып кетті. Маман жоқ болса да жұмысты тоқтатуға болмайды, жарты жыл бойы бас инженердің жұмысын қатар алып жүруге тура келді. Денсаулығым сыр берген соң жұмыстан кетуге арыз жаздым. Тұрсынғали Тұрымұлы менің арызымды жыртып тастады, мен ол кісіні қатты сыйлаймын, кете алмадым».

«GALANZ bottlers» компаниясында тұтас бір отбасы болып жұмыс істейтіндер көп. Солардың ішінде Менлибаевтар да бар.

«Бұл жерде менің ағам, жиендерім жұмыс істейді. Әйелім жұмыс істеген кезде, бәрі оны «Тереза ана» деп атайтын. Әйелім мейірімді, әділетті жан болған соң бәрі оның бригадасында жұмыс істегісі келетін. Мен ғана емес, оны бәрі жақсы көрді».

Осындай жауапкершілігі пен адамгершілігі мол адамдар біздің ұжымның негізін құрайды.