«Маxi Чайға» дейін ауысыммен жұмыс істейтін едім, кезегім түнгі ауысымға жиі түсетін. Ауысыммен жұмыс істеу өте қиын, әсіресе түнгі ауысымнан кейін қатты шаршайсың, сондықтан күндіз барып қайтатын жұмыс іздедім. 2003 жылы зауытқа ЖЖМ бойынша диспетчер болып жұмысқа орналастым. Осы зауытта «Маxi Чай»-мен бірге өмірімнің жаңа белесі басталды. Зауытта мен көп нәрсе үйрендім. Мен қазір ЖЖМ-ды қалай бақылау керектігін білем, қосалқы бөлшектерді реттестіруді үйрендім, қандай мәселелерді сұрау керек, балама жеткізушілердің шоттарын қалай тексеру керектігін білем. Тұрсынғали Тұрымұлының жақсы қасиетінің бірі – ол қол астындағы қызметкерінің көшбасшылық қасиетін байқаса, жұмысты ілгері дамытатынына көз жеткізсе, сол адамға әрдайым мүмкіндік береді. Сондай мүмкіндік маған да түсті. Мен 2008 жылы «Напитки на дом» ЖШС-нің директоры лауазымына тағайындалдым. Бұл компания «Sevens» суын өндіреді. Небәрі 5 жылдың ішінде менің қызметтік мансабым өсті. Басшылық маған үлкен сенім артты. Сол сенімді ақтауға тырыстым. Қазіргі таңда АО «Galanz bottlers» зауытынның басшысымын.
№1 СУСЫН - МАXI ЧАЙ
«Маxi Чай»-дың бірінші партиясын шығарған күн - өмірімдегі ең маңызды күндердің бірі болып есімде қалды. Сол кезде бастықтың «Әр қоқыс жәшігінен (урнадан) біздің бос бөтелкелерді көрген кезде ғана бәрі жақсы болады» деп айтқан сөзі әлі күнге дейін жадымда сақталып қалыпты. Уақыт өте келе ол кісінің сөзі шындыққа айналды. Алматының көшелерінде, сондай-ақ Қазақстанның барлық қалаларында ересектер мен балалар «Маxi Чай» ішетін болды.
Бастықтың айтқанындай қоқыс жәшіктері (урналар) бос бөтелкелерге тола бастады. Адамдар біздің өнімді ұнатты, қабылдады. Ал зауыт салынып бастаған кезде Тұрсынғали Тұрымұлы құрылыстың бас-аяғында өзі жүрді. Ол ғимараттарды тұрғызу, құбырларды тарту, жабдықтарды монтаждау жұмыстарына да қатысты. Бастық осылай жанқиярлықпен жұмыс істеген кезде, команда да оның серпінін қолдайды. Осылайша жарты жыл ішінде зауыт салдық – бұл біз үшін рекорд.
Бүгінде біз айына орта есеппен 20-25 миллион литр сусын шығарамыз. Қазақстанның түкпір-түкпірінде, барлық қалаларда дистрибьюторларымыз бар, сонымен қатар біз өнімді ТМД елдеріне де экспорттаймыз. «Маxi Чай» үнемі көрмелер мен байқауларға қатысып тұрады. Халықаралық сарапшылардың оң пікірлері және тұтынушыларымыздың шексіз сүйіспеншілігі бізді қуантады. Біздің сусын барлық жерде танымал екенін мақтан тұтамын.
ШАЙ ҚАЙНАТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Күні кеше итальяндық «Sidel» компаниясының жаңа желісін іске қостық. Ол суық сусындарды және ыстық шайды құюға арналған құрал-жабдықтармен қамтамасыз етеді. Біз шайды қайнатамыз, сонысымен де ол ерекше. Құрамында суда ерітілген ұнтақ, ішіне салып араластырып құя салатын концентрат жоқ. Өндірісте қолданылатын суды алдымен тазартады, содан кейін қайнатып, табиғи шай сығындысымен араластырады. Біз жоғары температураға арналған пластикалық бөтелкелерді шығарамыз. Айтпақшы, сондықтан кейбір үй шаруасындағы әйелдер біздің бөтелкелерге компоттар мен тосаптар сақтайды. Қазір бізде өз өнімдеріміздің 6 түрі бар және әрқайсысы өзінше бірегей, сүйікті және жоғары сапалы.
ЕҢ БАСТЫСЫ – ҰЖЫМ
Кәсіпорынның жетістігі -бұл, әрине, ұжымның еңбегі. Біздің ұжым өте тату. Менің ойымша, сондықтан да «Маxi Чай» дәмді әрі керемет, өйткені оны ұйымшыл және тату адамдар жасайды. Компания - менің екінші үйім десем де болады. Уақытымның басым бөлігін осы жерде өткіземін, үйге тек қонуға барамын (күледі). Зауытта 3 ауысыммен 650 адам жұмыс істейді. Әйел адамға зауыттың директоры болу оңай емес. Жұмыс үлкен жауапкершілікті талап етеді, қандай да бір іскерлік, темірдей ерік болуы керек, өйткені көп адамды басқару қиын.
Ұжымның арқасында жоспарды орындап жатырмыз. Түн ортасында зауытқа баруға тура келетін кездер де болады. Қазір маусым айы болғандықтан, өнімге сұраныс жоғары, сондықтан өндіріс тоқтап қалмау керек, барлық желілер жұмыс істеу керек, ақауларды дереу жөндеп отыру қажет. Жұмысыма түсіністікпен қарайтын жанұяма, екінші отбасыма айналған әріптестеріме, біздің өнімді жақсы көріп, сатып алатын барша қазақстандықтарға алғысым шексіз.