ЖАПСЫРМАЛАРДЫ ӘЗІРЛЕП ШЫҒАРУ
«GALANZ Bottlers» компаниясы өндірістік құрлымның әрбір кезеңіне жітік назар аударады. Компания 2024 жылы жапсырмаларды әзірлеу ісін қолға алды. Бұл өндірістің барлық кезеңдерін бақылаумен қатар, нарықта өнімді ерекшелеп, оның бәсекелестік қабілеттілігін арттыратын бірегей дизайн жасауға мүмкіндік береді. Жапсырма – өнім туралы ақпарат көзі ғана емес, ол тұтынушының назарын аударып, тауарды сатып алуға итермелейтін алғашқы визиткасы. Дәл осы элемент дүкен сөресінде сатып алушының назарын аударып, оның таңдауын нақтылайды. Жапсырма қаптаманың бір бөлігі ғана емес, шешім қабылдау процесінің негізгі факторы болып табылады.