ПЭТ ПРЕФОРМАЛАР ДАЯРЛАУ


«GALANZ Bottlers» компаниясының ПЭТ преформалар мен пластикалық қақпақтар шығаратын өзінің заманауи өндірістік кешені бар. Жаңа DAMU-2 зауыты термопластикалық машиналар өндірісіндегі әлемдік көшбасшы — Husky компаниясының құрылғылармен жабдықталған. Осындай озық технологиялардың арқасында компания сусындардың сапасы мен өнімділігін арттырып отыр. Бір құрылғы тәулігіне 360 000-ға дейін преформа шығаруға қабілетті, бұл өндірістік процестердің тиімділігін арттыруға және дамытуға мүмкіндік береді.