ТОҢАЗЫТҚЫШТАР


Тоңазытқыш жабдықтарын өндіру біздің компанияның негізгі стратегиялық шешімдерінің бірі. Бұл жоба тоңазытқыштардың санын көбейтуге септігін тигізіп қана қоймай, сондай-ақ тоңазытқышты өзге елден сатып алу, жеткізу және кедендік рәсімдеу сияқты шығындарды оңтайландыруға мүмкіндік береді. Алкогольсіз сусындар нарығындағы жоғары бәсекелестік жағдайында тоңазытқыш жабдықтарының жеткілікті болуы шешуші фактор бола алады.

Клиент әрдайым салқындатылған, сергітетін сусындар таңдайды, сондықтан тоңазытқыш сусындардың сатылымын арттыру үшін маңызды рөл атқарады. Бұл жоба жаңашылдық пен тиімділікті арттыру үшін қажет. Біз тоңазытқышты құрастыру технологиясын жетілдірдік, бұл өнімділікті арттыруға және шығынды азайтуға мүмкіндік берді. Бұл шешім біздің компанияның қарқынды дамуына үлес қосып, бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік береді.