Алкогольсіз сусындар

СУ ДАЙЫНДАУ ЦЕХЫ

Біздің кәсіпорын үшін судың маңызы зор. Оны дайындауға ерекше мән береді, себебі қаттылық тұрғысынан судың сапасы неғұрлым жоғары болса, сусындардың да сапасы соғұрлым жоғары болмақ, ұзақ мерзімге сақтауға болады. Өндірісте қолданылатын су тереңдігі 370 метр артезиан ұңғымасынан алынады. Су бірнеше тазарту кезеңдерінен өтеді, оған құм мен көмір сүзгілері арқылы тазарту, ион алмастырғыш шайырмен фильтрді жұмсарту және жұқа сүзгі арқылы тазарту кіреді. Тазартудың соңғы кезеңі – кері осмос. Цехта сағатына 200 тонна су тазартудан өтеді.

СУСЫНДАРДЫ ДАЙЫНДАУ ЦЕХЫ

Сусындардың барлығы арнайы рецепт пен нұсқаулыққа сәйкес дайындалады. Өндірістегі әрбір шикізатты қолданар алдында ең әуелі Сапаны бақылау департаменті толық тексерістен өткізіп, қолдануға болатыны жайлы рұқсатнама беруі керек. Ондай рұқсатсыз шикізатты өндірісте пайдалануға болмайды.

Ай сайынғы максималды өнімділік
26 800 000 литр
«Махi Чай» сусынын өндірудің технологиялық кезеңдері:

  1. Купаж дайындау үшін шикізатты мөлшерлеу;
  2. Купаж дайындау;
  3. Дайын сусынды пастерлеу;
  4. Сусынды құю аппаратына жіберу;
  5. Бөтелкелерге құю;
  6. Қақпағын жабу;
  7. Бөтелкеге датасын белгілеу;
  8. Бөтелкені салқындатып затбелгі жабыстыру;
  9. Сусындардың сыртын орау
Ыстықтай және суықтай құю цехтары

Жалпы ауданы 5 189 м2
6 өндірістік желі, оның ішінде төртеуі ыстықтай құяды.

Зертхана

Біздің зауытта 3 зертхана бар:
  1. Орталық зертхана - су мен шикізатқа бақылау талдауларын жүргізеді
  2. Ыстықтай құю желісінде жедел зертхана
  3. Суықтай құю желісінде жедел зертхана - физикалық-химиялық және органолептикалық көрсеткіштердің экспресс талдаулары