ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК
Бірде бір мекеме қоғамнан оқшау тұрмайтынын «GALANZ bottlers» компаниясы жақсы түсінеді, сондықтан әрдайым қоғам игілігі үшін үлес қосып, сол бағытта жұмыс істеуге тырысады. Бірлігі жарасқан біртұтас ұжым әрдайым жақынына қомқорлық танытуға әзір. Табыс кілті тек қызметкерлердің кәсіби біліктілігінде ғана емес, ұйымшылдық, сыйластық, жауапкершілік, адалдық сияқты қасиеттердің жиынтығынан тұрады. Біздің компания бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі қағидаттарын ұстана отырып, қайырымдылық жобаларын жүзеге асырып, еліміздің дамуына өз үлесін қосуда.
«GALANZ BOTTLERS» ҚОЛДАУ КӨРСЕТКЕН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖОБАЛАР
Қоғамдағы өткір мәселелердің бірі - ерекше қажеттіліктері бар адамдардың әлеуметтік ортаға бейімделуі. Біздің компания мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыс орындарымен қамтамасыз етуде. Олар үшін арнайы пандустар салынып, кеңселер жабдықталып, әжетханалар қарастырылған. Бүгінгі таңда біздің ұжымда 1, 2, 3 топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар кадр бөлімінде, HoReCa санаты бойынша сату командасында, Қарағанды қаласы бойынша аумақтық сату бөлімінде қызмет етуде.
«Мама Клара» дағдарыс орталығы 2024 жылы 26 наурызында есігін айқара ашып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер үшін сенімді тұрақ болды. Орталық 1100 шаршы метрді құрайды, 64 адамға (әйелдер мен олардың балаларына) арналған 18 бөлме бар. Қажет болса орталық тағы 20 адам қабылдай алады. Орталықтың басты ерекшеліктерінің бірі — «бір бөлме – бір отбасы» принципі бойынша орналастырады. Басқа орталықтарда бұндай жағдай жасалмаған, бұл өте ыңғайлы. Алғашқы алты айда орталық 107 адамға, оның ішінде 35 әйел мен 72 балаға көмек көрсетті. Орталық қызметкерлері күн-түн демей кез келген уақытта көмекке келуге дайын. Қазір орталықта 18 маман күн-түн демей қызмет етеді. Болашақта штатты 26 қызметкерге дейін кеңейтуге мүмкіндік бар.
«Мама Клара» — это больше, чем просто временное убежище. Это место, где начинается новая жизнь для женщин и их детей, предоставляя им защиту, поддержку и шанс на будущее без насилия.
Содержание Кризисного центра обходится в 200 миллионов тенге ежегодно. Эти средства позволяют обеспечить круглосуточную работу, комфортные условия проживания для женщин и детей, а также финансировать работу специалистов, оказывающих необходимую психологическую и юридическую помощь.
«Мама Клара» – бұл уақытша тұрақ қана емес. Бұл қорғансыз әйелдер мен балалар үшін зорлық-зомбылықсыз өмір сүруге мүмкіндік беретін орын. Дағдарыс орталығын қамтамасыз етуге жыл сайын 200 миллион теңге жұмсалады. Бұл қаражат зардап шеккендерге тәулік бойы психологиялық және заң жүзінде көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Сенім телефоны: +7 747 292 10 02
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ
Біз алкогольсіз сусындардың түрлі ассортиментін шығарамыз. Компания барлық күш-жігерін өнімнің сапасын арттыруға бағыттайды. Себебі кез келген тұтынушы өзі таңдаған тауардың қауіпсіз әрі мінсіз екеніне сенімді болғысы келеді. Біздің компания бұл мәселеге асқан жауапкершілікпен қарайды. Себебі, бизнестегі әлеуметтік жауапкершіліктің ең маңызды тұсы – тұтынушылардың құқығын қорғау. Осы бағытта тұтас бір бөлім - Сапаны бақылау департаменті қызмет етеді. Біздің сусындарға қатысты шағымдарыңыз бен ұсыныстарыңыз болса, әрбір бөтелкенің қаптамасында байланыс телефоны, пошта және электрондық пошта көрсетілген, сондай-ақ әрбір тұтынушы хабарласып, өз тілегін, сұрақтарын қалдыра алатын әлеуметтік желілердегі аккаунттар бар. SMM менеджерлері мен мамандар бірден кері байланысқа шығып, жауап береді.
ӘЛЕУМЕТТІК ПАКЕТ
«GALANZ bottlers» компаниясы білікті мамандар қызмет орнында ұзақ жылдар бойы жұмыс істеуі үшін жиі ынталандыруға тырысады, сондықтан әрдайым қызметкерлерінің еңбек жағдайы мен өмір сүру сапасын жақсартуға ұмтылады. Компанияда қызметкерлерді әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету қосымша материалдық ынталандыру болып табылады.
Компанияның әлеуметтік пакетіне мыналар кіреді: